ВТБ Банкі (Қазақстан) капиталға жеңілдікпен қаржыландыру мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы атанды

23.09.2019

Оператор ретінде «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның еншілес ұйымы - «Baiterek Venture Fund» АҚ танылатын бағдарлама кәсіпкерліктің тұрақты өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Кәсіпкерлер капиталға құюдың арқасында тиімді шарттармен: теңгемен жылдық 8%ға дейін, 10 жылға дейінгі мерзімде баламалы қаржыландыру ала алады. Бұл ретте Baiterek Venture Fund компанияларды олардың капиталдағы қатысу үлестерін 49%-дан артық емес мөлшерде, ВТБ Банкі (Қазақстан) кепілдігімен сатып алу арқылы қор жинайтын болады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъекттері үшін инвестиция сомасы 1 млрд теңгеден аспауы қажет.

- Біз Baiterek Venture Fund-пен келісімге қол қойдық, оған сәйкес банк капиталға жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасының шарттарын қолдануды ұйғарған компаниялардың жобаларын өздігінен іріктеп алады және Baiterek Venture Fund пайдасына қарай кепілдік шығарады. Инвестициялаудың мұндай түрі – бұл мемлекеттік даму институттары мен коммерциялық банктердің арасындағы тиімді өзара әрекеттесудің мысалы, сондай-ақ ШОБ секторын дамытудың өтімді тәсілі, - деп ВТБ Банкі (Қазақстан) Басқарма Мүшесі Игорь Ли атап өтті. – Біздің банк еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға және берік ШОБ секторын құруға бағытталған 13 мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады. Біз клиенттерімізге отандық нарықта ұсынылған кез келген мүмкін болатын құралдармен көмектесуге дайынбыз.

Оператор ретінде «Baiterek Venture Fund» АҚ танылатын, екінші деңгейдегі банктер арқылы капиталға жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға 30 млрд теңге бөлінді – бұл «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-ның қаражаты. Жобаның негізгі мақсаттары – экономиканың шикізат емес салаларын дамыту, шикізат емес өнімнің экспортын қолдау, жұмысбастылық деңгейін арттыру.

Бағдарламаның механизмі бірнеше кезеңді көздейді: алдымен, кәсіпкер кепілдік алуға өтініммен банкке жүгінуі және өз компаниясын бағалауы қажет, содан соң банк бизнеске сараптама жүргізеді; кәсіпкер банктен хат алғаннан кейін Baiterek Venture Fund-ке өтінім бере алады, кейін қор өзінің жедел-талдауын жүргізеді. Егер екі сараптаманың да нәтижелері оң болса, онда кәсіпкер, банк және қор арасында қаржыландыру туралы құжаттарға қол қойылады және қаражат бөлінеді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді, еліміздің барлық аймақтарында клиенттердің түрлі санаттарына қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.  

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 вн. 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz