ВТБ тобы мен Visa бірлескен инновациялық жобаларды таныстырды

21.08.2019

1 мен 2 тамыз аралығында Минск қаласында «ВТБ - Visa тобының 2019 ж. бөлшек бизнес бойынша инновациялық форум» екі күндік шарасы өтті. Іс-шараға ВТБ (Ресей) мен еншілес банк өкілдері, Visa делегаттары, ТМД және Грузия елдерінде бөлшек бизнесті дамыту мен цифрландыру бойынша инновациялық шешімдерді әзірлейтін компаниялар мен сыртқы серіктестер қатысты.




Форум барысында финтех-стартаптармен идеялар кезеңінде де, іс жүзінде іске асырылған түрлі жобалар ұсынылды. Саяхатшыларға арналған мобильді қосымшаны әзірлеу, геймификация құралдарын пайдалану, клиенттерді тарту және қызмет көрсету үшін чат-боттарды енгізу және т.б. тақырыптар қатысушылардың айтарлықтай қызығушылығын тудырды.




Сондай-ақ, іс-шара аясында үздік инновациялық стартап-шешім байқауы ұйымдастырылды. ВТБ (Армения) "Армян Ассамблеясы" іскер және мәдени бастамаларды қолдау қоғамдық ұйымымен бірлесіп әзірлеген жоба — Armenian Guide мобильдік қосымшасы жеңді. Ол туристің мультивалюталық виртуалды картасын жасау арқылы елдің туристік ағынын арттыруға бағытталған. Жақын арада Armenian Guide қосымшасы ВТБ (Армения) халықаралық Visa төлем жүйесінің қолдауымен әрі қарай топтың өзге еншілес банктарына тарату мүмкіндігімен іске қосылады.





Банк ВТБ (Қазақстан) бөлшек бизнес өкілдері әріптестерімен инновациялық идеялармен бөлісті.

- Банктің стратегиялық міндеттерінің бірі клиенттік Сервистерді және Банктің ішкі процестерін цифрландыру болып табылады. Ол клиентпен және серіктестермен жұмыс істеуде сандық арналар үлесінің айтарлықтай өсуін болжайды. ВТБ (Қазақстан) осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Форумда біз карталық сервисті геймификациялау бойынша жобаны ұсындық, ол біздің әріптестеріміз бен серіктестеріміз тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, — деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) банк карталары бөлімінің басшысы Фархат Айсаров.

Геймификация — бұл ойын механизмдерін ойын емес салаларда, мәселен, бизнес, өндіріс, сауда, білім салаларында қолдану процесі. Клиенттер мен қызметкерлерді ойын процесіне қосу қажетті міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, көңілді, қызықты сабақ арқылы клиенттердің адалдығын немесе қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру.

Біздің банкте геймификацияны Банктің төлем карточкалары мен қашықтан көрсетілетін сервистерді пайдалануға клиенттерді ынталандыруға бағыттау жоспарланып отыр. Қарапайым сөзбен айтқанда-бөлшек бизнес ВТБ карталарын ұстаушыларға арналған арнайы мобильді ойындарды әзірлеуді бастайды.