Абайлаңыз, алаяқтар!

16.08.2019

Назар аударыңыз!  

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ алаяқтардың электрондық хабарламалар – оқиғаларды Gmail пошталық адрестеріне жібере алатынын ескертеді.  

Зиянкестер электрондық пошта адресіне (gmail.com) Клиент транзакциясының орын алған қатесі туралы мәтінді қамтитын Google күнтізбе оқиғасымен арнайы қалыптастырылған хат жібереді. Google-күнтізбе, алаяқтардың спамға жіберген хабарламасына қарамастан, күнтізбеде оқиға жасайды.  

Содан кейін, алаяқтық хат жіберген электрондық адресті пайдаланатын тұлғаға телефон/компьютерге алдағы оқиға туралы хабарлама келеді.  

Одан әрі жәбірленуші сілтеме бойынша өтеді, онда оны аудару үшін комиссия төлеуді немесе аталған соманы өз шотына алу мақсатында өзінің пластикалық картасының деректерін көрсетуді сұрайды.  

Құрметті клиенттер, жеке сәйкестендіру мәліметтерінің құпиялығына мұқият қарап, құпия сөзіңізді, кодтық және бақылау сұрақтарыңызға жауаптарды, карта нөмірлерін, PIN-кодтарды, CVV-кодтар мен авторландырудың SMS-кодтарын банк өкілдерін қоса алғанда, ешкімге ешқашан хабарламаңыз.  

Құрметпен,

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ