Банк ВТБ (Қазақстан) кірісі бір жыл ішінде 2 еседен артып ұлғайды

31.05.2019

Өткен жыл ВТБ-ның Қазақстанда жұмыс істеген 9 жыл ішіндегі ең табысты жылы болды. 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайына қарағанда Банк активтері өткен кезеңмен салыстырғанда 6%-ға артып, 162 млрд теңгені құрады, Банктің жарғылық капиталы 29,9 млрд теңгеге тең. Жыл ішіндегі таза пайда 118%-ға өсіп, 4,1 млрд теңгені құрады.

Өткен жылдың қорытындысы біз үшін өте табысты болды. 2018 жылы Банк ВТБ тобының 2017-2019 жылдарға арналған Даму стратегиясы шеңберінде белгіленген мақсаттарды іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Банктің барлық үш бизнес-желісі: бөлшек, шағын және орта, сондай-ақ ірі - инвестициялық бизнес өткен жылды табысты аяқтады, – деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Есепті кезеңде банктің кредиттік портфелі 26%-ға өсті, ЕДБ рейтингісінде біз капиталға кірістілігі бойынша 5-ші орынға және пайда мөлшері бойынша 18-ші орынға ие болдық.

2018 жылдың қорытындысы бойынша банк міндеттемелері 141,2 млрд теңгені құрады. Кредиттік портфель 91,3 млрд теңгеге дейін өсті, оның ішінде 42% – жеке тұлғаларға кредит беру, 45% - орта корпоративтік бизнесті қаржыландыру және 13% – ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру. Өткен жылы банк таза пайда бойынша жоспарды 3 еседен астам асыра орындады. CIR бизнес тиімділігінің көрсеткіші 17,9% құрады.

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) ел банктері арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие: ұзақ мерзімді «ВВ+» деңгейінде, қысқа мерзімді – «В» деңгейінде. Рейтингтің өзгеру болжамы – «тұрақты».

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді, еліміздің барлық аймақтарында клиенттердің түрлі санаттарына қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz