Абайлаңыз, алаяқтар!

29.05.2019

Құрметті клиенттер, Қазақстан банктерінде банктердің байланыс орталықтарының немесе карточкалық сервистерінің нөмірлерінен және түрлі сылтаулармен (жоқ акциялардағы ұтыс, карточканы оқшаулау, алаяқтық қаупі және т.б.) қоңырау шалған алаяқтардың Клиентті сәйкестендіру үшін жеке деректерді сұрайтынына назар аударамыз.

Сақ болыңыз! Банк ешқашан сіздің дербес ақпаратыңызды (пайдаланушының аты мен құпия сөзді, кодтық және бақылау сұрақтарына жауаптар, пластикалық төлем карточкасының №, ПИН-кодтарды, CVV) телефон, sms және басқа да қандай да бір электрондық байланыс арналары арқылы сұрамайды. Ешқандай жағдайда бұл ақпаратты қашықтықтан ашпаңыз!

Күдікті жағдайлар туындаған жағдайда дереу Банктің карточкалық орталығына +7 (727) 330 4343 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Құрметпен,

Банк ВТБ (Қазақстан).