Құрметті «Qazaq Banki» АҚ салымшылары!

22.05.2019

Осы арқылы Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 2019 жылғы 24 маусымда «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына кепілдік берілген депозиттер бойынша өтем төлеуді аяқтайтынын хабарлайды!

Сіз Банк ВТБ (Қазақстан)-ға 2019 жылғы 24 маусымды қоса алған күнге дейін кепілдік берілген өтемді төлеу туралы жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз, 2019 жылғы 25 маусымнан бастап кепілдік берілген өтемді Кепілдендіру қоры төлейді.

 

Банкке жүгінген кезде Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

– белгіленген нысан бойынша кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш,

– жеке басын куәландыратын құжат*.

* Қажет болған жағдайда Банк қосымша құжаттарды сұрай алады.


Сіз төлемді төрт тәсілдің бірімен ала аласыз:

·          кассадан қолма-қол ақшамен,

·       Банк ВТБ (Қазақстан)-да депозит ашып,

·          Instant Банк ВТБ (Қазақстан) карточкасына аудару,

·          басқа банкке аудару.  

Банкпен депозиторға кепілдік берілген өтемді төлеу депозитор кепілдік берілген өтемді төлеуге депозитор құқығын растайтын барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде төлейді.  

Банк ВТБ (Қазақстан)-да кепілдік берілген өтемді алу туралы толығырақ 8 (727) 3305915 нөмірі бойынша, ұялы телефоннан 5050 нөмірі бойынша тегін білуге болады.

Кепілдік берілген өтемді Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінен алуға болады. Банк бөлімшелерінің мекенжайлары келесі сілтеме бойынша орналасқан: www.vtb-bank.kz.  

Жиі қойылатын сауалдарға берілетін жауаптар мына сілтеме бойынша орналастырылған:https://www.vtb-bank.kz/individuals/srochnye-vklady/otvety-na-voprosy-vkladchikov-ao-qazaq-banki/  

Құрметпен, Банк ВТБ (Қазақстан)