Абайлаңыздар, алаяқтар!

22.04.2019 Құрметті клиенттер, Сіздің назарыңызды Қазақстан банктерінде банктердің байланыс орталықтарының немесе карточкалық сервистерінің нөмірлерінен қоңырау шалатын және жоқ акциялардағы ұтыстар туралы хабарлайтын алаяқтардың белсенді әрекет ететініне аударамыз. Одан кейін қылмыскерлер клиентті сәйкестендіреміз деп жеке куәлік, төлем пластикалық карталар деректері мен т. б. мәліметтерді растау үшін сұрайды.

Мұқият болыңыздар, Банк ешқашан телефон, sms және басқа да электрондық байланыс арналары арқылы сіздің дербес ақпаратыңызды (пайдаланушының аты және пароль, кодтық және бақылау сұрақтарына жауап, пластикалық төлем карточкасының №, ДСН-кодтар, CVV) сұрамайды. Ешқашан бұл ақпаратты қашықтан ешкімге ашпаңыз!

Құрметпен,
Банк ВТБ (Қазақстан).