Көшу туралы хабарландыру

29.03.2019

Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 "В" мекенжайы бойынша орналасқан Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесі 2019 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қ. Тимирязев к-сі, 26/29, BNC Plaza бизнес орталығы мекенжайында орналасқан жаңа ғимаратқа көшетінін хабарлаймыз.

2019 жылғы 1-9 сәуір аралығында техникалық жабдықты қайта орнатуға байланысты жаңа бөлімшеде айырбастау операциялары қол жетімсіз болады, бұл ретте қолма-қол ақшамен операциялар және қолма-қол ақшасыз операциялар стандартты режимде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Тимирязев 28 "В" мекенжайы бойынша орналасқан банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдары 2019 жылғы 29 наурызда сағат 11:00-ден кейін қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.

Біздің Банктің ең жақын банкоматы Әуезов көшесі, 69 үйде орналасқан, сондай-ақ сіз басқа банктер желісінің банкоматтарында тарифтерге сәйкес қызметті пайдалана аласыз.

"BNC Plaza" БО жаңа ғимаратында банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдары 2019 жылғы 1 сәуірден бастап жұмыс істейді.

Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!