Ауыл шаруашылығының тауарын өндірушілері жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген кредит алады

04.03.2019

Аграрлық кредит корпорациясы (АКК) АҚ агроөнеркәсіптік кешен жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін Банк ВТБ (Қазақстан) 4 млрд теңге сомасына кредит желісін ашты. Енді ауыл шаруашылығы өндірушілері ВТБ-да «Агробизнес» бағдарламасы аясында жылдық 6,8% сыйақы мөлшерлемесімен жеңілдетілген кредит ресімдей алады.

- Осы таңда біздің банк кәсіпкерліктің әртүрлі салаларын қолдауға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарламаға қатысады: шағын бизнестен ірі экспортқа бағытталған жобаларға дейін. Әрине, біз Қазақстан халқын қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласын назардан тыс қалдыра алмадық, – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Агробизнес – жеңілдетілген кредит беру үлкен қолдау болып табылатын үлкен тәуекелдерге байланысты кәсіпкерліктің күрделі саласы. Біз АКК-мен келісімге қол қою арқасында осы сектордың дамуына ықпал ете алатынымызға қуаныштымыз.

«Агробизнес» бағдарламасының шарттарымен ауыл шаруашылығының басым бағыттары белгіленген, оларға банк қаржыландыру туралы шешім қабылдай отырып, артықшылық беретін болады. Олардың ішінде: сүт өндірісі, құс шаруашылығы және шошқа шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы (көкөністер мен жемістер), сондай-ақ ет, балық және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобалар бар. Сегменттерді таңдау елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту тұрғысынан негізделген. Аталған бағыттар бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде объектілерді жаңғыртуға, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға қаржы алуларына болады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz