Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің өкілеттіліктері ұзартылды

28.02.2019

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері – Банк ВТБ (жария акционерлік қоғам) атынан Президент-Басқарма төрағасы Андрей Леонидович Костин Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің әрекет етуші құрамының өкілеттік мерзімін 2022 жылғы 25 ақпанды қоса алғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамы:

·         Бортников Денис Александрович (Директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғыз акционердің өкілі);

·         Калиев Айдар Муратович (Жалғыз акционердің өкілі);

·         Степанов Сергей Владимирович (Жалғыз акционердің өкілі);

·         Шаймарданов Ильнар Ильшатович (Жалғыз акционердің өкілі);

·         Досмукаметов Канат Мухаметкаримович (тәуелсіз директор);

·         Кыдырбаев Досым Хамитович (тәуелсіз директор);

Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Банк Жарғысымен акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, банк қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz