Банк ВТБ (Қазақстан) Мәскеу биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізді

26.02.2019

2019 жылғы ақпанынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) Мәскеу биржасының валюта нарығындағы сауда-саттыққа тікелей қол жеткізді. Мәскеу биржасының валюталық нарығы ЕАЭО мүше-мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығының ең өтімді сегменттерінің бірі болып табылады және оған қатысушыларға қолжетімді құралдардың кең спектрін ұсынады.

«Еуразиялық экономикалық одақ (БЭЖ) аясындағы қаржылық өзара іс-қимыл аймақтың экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін үлкен маңызға ие. БЭЖ-ге қатысушы елдердің валюталық нарықтарына қолжетімділікті кеңейту - бұл еуразиялық кеңістікте бизнес-байланыстарды нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға тағы бір қадам болады. ВТБ (Қазақстан) Банкінің алдында Мәскеу биржасының валюта нарығына тікелей шығу үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер біздің клиенттерімізге арналған өнім желісі мен сервисті жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Бүгін Мәскеу биржасының валюталық нарығына Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінен (ЕЭО/ЕурАзЭҚ) 14 банк тікелей қатынау рұқсатына ие, оның ішінде екі халықаралық қаржы институты: Мемлекетаралық банк және Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ). Олардың жиынтық сауда айналымы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда үш есеге өсіп, 1,9 трлн рубльге жетті.

Қазіргі уақытта Мәскеу биржасының валюта нарығында сонымен қатар «АҚШ доллары – Ресей рублі», «Еуро – Ресей рублі», «Қытай юані – Ресей рублі», «Еуро – АҚШ доллары», «Гонконг доллары – Ресей рублі», «Жапон йені – Ресей рублі», «фунт стерлинг – Ресей рублі», «фунт стерлинг – АҚШ доллары», «Швейцария франкі – Ресей рублі», «Швейцария франкі – АҚШ доллары», «Түрік лирасы – Ресей рублі», «Түрік лирасы- АҚШ доллары», «Беларусь рублі – Ресей рублі», «Қазақстан теңгесі – Ресей рублі» жұптары бойынша сауда-саттық өтуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша валюта нарығындағы орташа күндік сауда көлемі 22 млрд. АҚШ долларын құрады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz