Банк ВТБ (Қазақстан) ірі бизнесті кредиттеу секторында өзінің орнын нығайтуда

05.02.2019

Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік-инвестициялық бөлімшесі Қазақстандағы жетекші ұялы операторлардың бірі «Kcell» АҚ-ға жалпы корпоративтік мақсаттарға қаржыландыру ұсынды. 2019 жылдағы ақпан айының басында Kcell және ВТБ 5 млрд теңге сомасына 12 ай мерзіміне кредиттік желіні ашу туралы келісімге қол қойды. «Kcell» АҚ қаражаттарды айналым капиталын толықтыруға, соның ішінде басқа банктердің алдындағы берешекті қайта қаржыландыру жолына бағыттауды жоспарлайды.

– ВТБ – Қазақстанның экономикасындағы ірі жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды ұсынуға дайын банктердің бірі. ВТБ тобының халықаралық тәжірибесі және ауқымы корпоративтік клиенттерге тиімді шарттармен өнімдер мен қызметтердің бірқатар түрін ұсына отырып, олардың талаптарын оңтайлы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, – деп Банк ВТБ (Қазақстан) корпоративтік-инвестициялық бизнес жетекшісі Арман Мангитов атап өтті, – Біз «Kcell» АҚ секілді бизнесте жақсы беделге ие және қаржылық жағдайы тұрақты клиенттермен серіктестік қарым-қатынасты бағалаймыз. Себебі мұндай ұйымдар отандық экономиканың қозғаушы күші болып табылады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 39 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.