Жеңіл жол

07.02.2019

Банк ВТБ (Қазақстан) TRANSAVIA компаниясымен «Жеңіл жол» бірлескен бейілділік бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұдан әрі біздің Банктің кез келген карточка ұстаушысында 2%-ға дейін бонус алу және оларды саяхатқа жұмсау мүмкіндігі пайда болды!

Бірнеше қадам жасай отырып бейілділік бағдарламасының қатысушысы бола аласыз.

  1. Өз атыңызға Банк ВТБ (Қазақстан) төлем картасын тегін ашыңыз.
  2. TRANSAVIA.KZ сайтының арнайы бөлімінде тіркеліңіз.
  3. Банк ВТБ (Қазақстан) карточкасымен кез келген тауар немесе қызметтің ақысын төлеңіз және әрбір сатып алу үшін банктен 1% мөлшерінде бонус алыңыз.
  4. Жинақталған бонустарды билеттер және TRANSAVIA компаниясының қызметтерін сатып алу кезінде пайдаланыңыз.
  5. TRANSAVIA компаниясының қызметтерін Банка ВТБ (Қазақстан) карточкаларымен төлеңіз және әрбір транзакциядан одан тағы да 1% алыңыз.

- TRANSAVIA компаниясымен біздің банк көп жылдан бері ынтымақтасып келеді. Бірлесіп іске асырылған жобалар арасында – Кореядағы тиімді емдеу бағдарламасы, оның аясында біздің серіктес TRANSAVIA банк клиенттеріне саяхаттарды рәсімдеуге жеңілдіктер ұсынады және жоғары білікті ұйымдастырушылық және консультациялық қолдау көрсетеді, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) жалақылық карточка жобаларын дамыту жөніндегі директор Ольга Оберенко мәлімдеді. – Өзара әрекеттесудің табысты тәжірибесі бізді ынтымақтастықты кеңейтуге итермеледі. «Бейілділіктің» жаңа бағдарламасы банк клиенттеріне әуе және теміржол билеттерін, туристік жолдамаларды және саяхатқа байланысты басқа да қызметтердің тұтас кешенін нарықтық бағадан арзанырақ сатып алуға мүмкіндік береді.

TRANSAVIA компаниясы 18 жыл бұрын құрылған және бүгінгі таңда Қазақстан мен ТМД елдерінің туристік нарығындағы көшбасшысы болып табылады, оның Қазақстанда - 34 және ТМД-да - 4 кеңсесі бар. TRANSAVIA Бас Агенттік болып табылады және көптеген авиакомпаниялардың өкілдік функцияларын орындайды. Ұйым тәулік бойы қызмет көрсетуді және қызметтердің кең спектрін ұсынады, оларды сатып алуға жинақталған бонустарды жұмсауға болады.

Бейілділік бағдарламасы туралы толығырақ біздің сайтымыздың «Акциялар және арнайы ұсыныстар» бөлімінен білуге болады.