Клиенттерге – жеке кәсіпкерлерге, адвокаттарға, нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шаруа (фермер) қожалықтарына, кәсіби медиаторларға арналған Тарифтердегі өзгерістер туралы ақпарат

06.02.2019

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ осы арқылы төмендегіні хабарлайды. Банк Басқармасы бекіткен (2017 жылғы «16» мамырдағы № 19 хаттама) Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-да (жеке кәсіпкерлерге, адвокаттарға, нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шаруа (фермер) қожалықтарына, кәсіби медиаторларға) ағымдағы шотты ашу туралы қосылу шартының 1.8-тармағына сәйкес, өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Шарт), аталған Шартқа қосылған және оның талаптары негізінде Ағымдағы шоттарды ашқан Банк Клиенттеріне, 2018 жылғы 15 желтоқсаннан бастап, Шарт шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтері бойынша Банк Тарифтері мөлшерлерінің өзгергендігі туралы хабарлайды, атап айтқанда:

1) Қазақстан бойынша ұлттық валютадағы (теңге) сыртқы аударымдар үшін комиссиялық сыйақы (ағымдағы валюталандыру күні көрсетілген төлем тапсырмаларын қабылдау):

- Астана қ. уақыты бойынша сағат 12.30-ге дейін - 0,30% min 800 KZT max 3000 KZT;

- Астана қ. уақыты бойынша 12.30 - 15.30 сағ. аралығында - 0,35% min 1200 KZT max 5 000 KZT;

- Астана қ. уақыты бойынша сағат 15.30-дан бастап (Банкте техникалық мүмкіндік болған жағдайда) - 0,45% min 2 500 KZT max 7 000 KZT;

2) басқа банктердің клиенттерінің пайдасына, шетел валютасындағы сыртқы аударымдар үшін комиссиялық сыйақы (қағаз тасымалдағышта):

а) жіберуші есебінен комиссияны өндіріп алу бойынша нұсқаулық көрсетілген жағдайда (OUR опциясы):

- шетел валютасында, АҚШ (USD) доллары мен ресейлік рубльді есепке алмағанда (RUB) - 0,30% min 20000 KZT max 130000 KZT;

- АҚШ (USD) долларымен, (бенефициардың төлемнің толық сомасын алу кепілдігімен) - 0,30% min 20000 KZT max 130000 KZT;

б) бенефициар есебінен комиссияны өндіріп алу бойынша нұсқаулық көрсетілген жағдайда (BEN/SHARE опциясы):

- шетел валютасында, ресейлік рубльді қоспағанда (RUB) - 0,25% min 5750 KZT max 70000 KZT;

3) Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15.30-дан бастап шетел валютасында жүретін сыртқы аударымдар бойынша, соның ішінде Интернет-банкинг жүйесі бойынша жүретін аударымдар бойынша Банкте техникалық мүмкіндіктер болған кезде операциядан тыс уақыттағы төлем тапсырмаларын қабылдау бойынша комиссиялық сыйақы (комиссия негізгі комиссияға қосымша түрде өндіріп алынады) – 8625 KZT;

4) қолма-қол ақшаны қабылдау бойынша комиссиялық сыйақы:

- Клиенттің Банк шотына дәл сол күні ақша аудара отырып, операциялық уақытта ұлттық валютада (теңге) қолма-қол ақша мен тиындарды қабылдау және қайта есептеу - 0,3% min 600 KZT;

- шетел валюталарының барлық түрлері (ТМД елдерінің валюталарын есепке алмағанда) – 0,35% min 800 KZT;

- ТМД елдерінің валюталарындағы қолма-қол ақша - 0,35% min 800 KZT;

5) басқа банктердің клиенттерінің пайдасына, шетел валютасындағы сыртқы аударымдар үшін комиссиялық сыйақы (Интернет-банкинг жүйесі арқылы) жіберуші есебінен комиссияны өндіріп алу бойынша нұсқаулық көрсетілген жағдайда (OUR опциясы):

- шетел валютасында, АҚШ (USD) доллары мен ресейлік рубльді есепке алмағанда (RUB) - 0,30% min 12000 KZT max 100000 KZT;

- АҚШ (USD) долларымен, (бенефициардың төлемнің толық сомасын алу кепілдігімен) - 0,30% min 15000 KZT max 120000 KZT.

Көрсетілген Тарифтер осы хабарлама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін қолданылуы тиіс. Көрсетілген мерзім ішінде, Сіз өзіңіздің уәкілетті өкіліңіз қол қойған жазбаша түрдегі бас тарту қағазын Банкке жолдауға құқығыңыз бар.

Шарттың 1.8-тармағына сәйкес, хабарлама орналастырылғаннан кейін үшінші күні, Сіздің уәкілетті өкіліңіз қол қойған жазбаша түрдегі бас тарту қағазын Банктің алмауы, Сіздің Шарт шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтері бойынша Банк Тарифтерінің мөлшерімен келісетіндігіңіз туралы мәлімдейтіндігін және Ағымдағы шотты өзгертілген шарттарда пайдалануға Сіздің ерік білдіруіңіздің жеткілікті түрдегі растамасы болып табылатындығын назарыңызға жеткіземіз. Мұндай келісім толық және сөзсіз деп танылады.

Тарифтерге Банктің Директорлар Кеңесі бекіткен (05.11.2018ж. №21/2018 шешім) өзгерістер мына сілтеме http://www.vtb-bank.kz/about/informatsiya-o-stavkakh-tarifakh бойынша Банк сайтындағы Интернет желісінде орналастырылған.

Сіздің, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ