Құрметті клиенттер!

29.12.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) таратылған Qazaq Banki салымдарының кепілдік берілген өтемін төлеу бойынша ҚҚГД-мен агент-банк ретінде таңдағанын еске саламыз.

Біз 24 желтоқсанда дүйсенбі күні ақша бере бастадық, бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) Qazaq Banki салымшыларына 9 млрд теңгеден астам қаржы берді, енді берілетін 11 млрд теңгеден астам қаржы қалды.

Біз Qazaq Banki салымшыларына арналған бірнеше нұсқаулықтар дайындадық:

1.         Беру мерзімі.

Банк ВТБ (Қазақстан) Qazaq Banki салымшыларына 2019 жылдың 24 маусымына дейін кепілді сыйақы береді!!! Сондықтан, егер сіз бөлімшеге келіп, кезек көрсеңіз, банкке басқа күні келсеңіз болады.

2.         Ақшаны алу үшін не қажет?

Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесіне жеке куәлігіңізбен келіп, кепілді өтемді төлетуге өтініш толтыру қажет.

3.         Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қауіпсіздігіңіз туралы ойланыңыз. Жедел ақша алуға уәде беретін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдаланбаңыз – біз клиенттерге тек кезек тәртібімен қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ, қолма-қол ақшаны алу үшін көмектесеміз деп уәде берген адамдарға ештеңе төлемеңіз! Сіз мұны өзіңіз жасай аласыз - ол Сіздің құқығыңыз, ал біз орындалуын қамтамасыз етеміз.

4.     Ақша алу әдісін таңдау.

Сіз өз ақшаңызды, таңдауңызға қарай, 3 тәсілмен ала аласыз: кассадан қолма-қол ақшамен, басқа банктегі шотқа немесе картаға немесе Банк ВТБ (Қазақстан) банкідегі депозитке аудару.

Қауіпсіздік мақсатында ірі соманы біз қолма-қол ақшамен алмай, банктік шотта қалдыру үшін кеңес береміз.

5.         Ірі сомаға тапсырысты алдын ала беру.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген банкте кассада 1 млн теңгеден астам сома қолма-қол ақшамен болмауы мүмкін. Егер сіз ірі соманы қолма-қол ақшамен алуды шешсеңіз, құжаттарды ресімдеу кезінде оны менеджерге тапсырыңыз.

6.         Ақшаны қандай валютада алу?

Кепілдік берілген өтемді төлеу тек ұлттық валютада жүзеге асырылады. Шетел валюталарындағы салымдар ҚР ҰБ 2018 ж. 12.12. бағамы бойынша теңгемен қайта есептелінеді (1 АҚШ доллары = 370.55 теңге).

Басқа сұрақтарға жауапты сіз біздің Банктің сайтындағы «Мерзімді салымдар» бөлімінен таба аласыз, сол жерден өтініш нысанын көшіріп алуға болады.