«Qazaq Banki» салымшыларының назарына!

13.12.2018

Назар аударыңыз!

Құрметті «Qazaq Banki» АҚ салымшылары!

2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) «Qazaq Banki» АҚ салымшылары үшін кепілдік берілген депозиттері бойынша жеке тұлға салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініштер қабылдауды бастайды!

Банкке келген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- белгіленген нысанда кепілдікті өтеу туралы өтінішті,

- жеке басын куәландыратын құжат*.

* Қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды сұрата алады.

Төлемдерді төрт тәсілдің бірімен ала аласыз:

• Қолма-қол ақша,

• Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы депозитті ашу,

• Банк ВТБ (Қазақстан) төлем картасына аудару,

• басқа банкке аудару.

Салымшы кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша өзінің құқықтарын растайтын қажетті барлық құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банк салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлейді.

Банк ВТБ (Қазақстан) жүйесінде кепілдік өтемді төлеу туралы толық ақпаратты ұялы телефоннан 5050 нөмірімен тегін және 8 (727) 3305915 нөмірінен табуға болады.

Кепілдік төлемін Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінен алуға болады. Банктің филиалдарының мекен-жайлары төмендегі сілтемеде орналасқан: www.vtb-bank.kz

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар осы сілтемеде орналастырылған. (создать страницу и там разместить файл с вопросами и ответами)

Құрметпен, Банк ВТБ (Қазақстан)