ВТБ Қазақстан Республикасында «Мир» карталарына қызмет көрсетуін бастайды

07.12.2018

Банк ВТБ Қазақстан елімізде бірінші болып «Мир» төлем жүйесінің карталарын қабылдау және қызмет көрсету жобасын іске қосты. Енді «Мир» карталарын ұстаушылары теңгерімін біліп, банктің кез келген банкоматынан немесе кассасынан қолма-қол ақша ала алады.

Сервисті кез келген ресейлік банктің «Мир» карталарының иелері пайдалана алады. ВТБ Қазақстан банкоматтарында қолма-қол ақша беру теңгемен жүзеге асырылады. Тарифтеу картаны шығарған кредиттік ұйымның ішкі тарифтеріне сәйкес жүргізіледі.

«Мир» төлем жүйесі» Ресейде танымал және біздің клиенттерімізге қызмет көрсетуді жайлы әрі ыңғайлы ету біз үшін маңызды, - дейді ВТБ Банкі Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. - 2018 жылдың 8 айында Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы $ 11 млрд-тан асып түсті, жылдың соңында ол $18 млрд-қа жетуі мүмкін – бұл орасан зор экономикалық әлеует. Петропавл қаласында өткен XV Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының форумы аясында, оның қорытындысы бойынша туристер ағымын арттыруға бағытталған көптеген екіжақты келісімдерге қол қойылды, қазақстандық банктерде ресейліктерге қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерді кеңейту өте өзекті мәселе».

«Төлем карталарының ұлттық жүйесінің қолдауымен жүзеге асырылған сервис, Қазақстан аумағына келетін ресейлік банктердің клиенттерінің қаржылық жайлылығын арттырады. Қазіргі уақытта ВТБ Қазақстан банкінің желісінде еліміздің барлық аймақтарында орналасқан 85 банкомат пен 40 қолма-қол ақша беру пункті бар»,-деп түсіндірді ВТБ Тобы еншілес компанияларындағы Бөлшек бизнесті дамыту басқармасының бастығы, вице-президент Ильнар Шаймарданов.

«Бүгінде біздің елдеріміз экономиканың көптеген салаларында ынтымақтасады және Қазақстанда ресейлік төлем карталарын қабылдаудың басталуы қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамытудың тағы бір маңызды кезеңі болады. Бұл жоба, ірі ресейлік эквайерлер қатарына кіретін, «Мир» төлем жүйесінің негізгі серіктестерінің бірі ВТБ банкімен бірлесіп жүзеге асырылды, ал бүгін «Мир» карталарын қабылдау үшін тағы бір елде өз құрылғыларының желісін ашады», – деп, НСПК коммерциялық директоры («Мир» төлем жүйесінің операторы) Максим Лазырин атап өтті.

Ресейде 320-ден астам банк «Мир» төлем жүйесінің қатысушылары болып табылады. ВТБ Тобы 2016 жылдың төртінші тоқсанында ұлттық карталарды шығаруды бастады. ВТБ эмиссиясы басталған сәттен бастап 9,2 млн астам карта шығарылды. Олардың иелеріне төлем қызметтері мен сервистерінің кең функционалы қол жетімді: ВТБ Тобының барлық банкомат желісінде қолма-қол ақшаны комиссиясыз алу, карталарды толықтыру, тауарлар мен қызметтерді төлеу (ТКШ, телефония, көлік және т.б.), интернетте операциялар жүргізу. Сонымен қатар, клиенттер картаны жалақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер алу үшін пайдалана алады.

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 9 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 лицензиясы.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 вн. 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz