S&P Банк ВТБ (Қазақстан)-ның кредиттік рейтингін растады

30.11.2018 2018 жылғы 28 қарашада S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның «ВВ+/В» деңгейіндегі ұзақ мерзімдік кердиттік рейтингін растады, банктің «kzAA» ұлттық шкаласы бойынша да рейтингі бұрынғы деңгейінде қалды. Рейтингтің өзгеріс болжамы - «тұрақты».

S&P агенттігінің қорытындысына сәйкес, банк секторының салалық тәуекелдері жоғарылады, бірақ ВТБ-ның Қазақстандағы еншілес ұйымының рейтингі өзгеріссіз қалды, себебі банк аналық құрылым – ВТБ (ЖАҚ) үшін «өте жоғары» стратегиялық мәнге ие және ірі халықаралық қаржы Тобына тиесілігі салдарынан бірқатар бәсекелестік артықшылыққа ие болуы мүмкін.

-       Ағымдағы жылы біз барлық үш бизнес желісі: бөлшек сауда бизнесі, ШОБ және ірі инвестициялық бизнесті пайда табуға шығардық және капитал табыстылығының жоғары деңгейін бекіттік. Топтың қолдауының арқасында, біз жыл өткен сайын бизнестің тиімділігін жақсартудамыз. Сондықтан, елдегі ең жоғары кредиттік рейтингтердің бірін растау – ол біздің зейінді жұмысымыздың растамасы, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Кредиттік рейтинг — банктің кредитті өтеу қабілеттілігінің өлшемі. Мұндай бағалаулардың негізгі міндеті — әлеуетті кредитшілер мен салымшыларға банктің алған қаржылық міндеттемелерін уақтылы төлеу ықтималдығы туралы түсінік беру болып табылады.