Керемет тосын сыйы бар кредит!

09.11.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) тұтынушылары үшін керемет тосын сый - Сashback қосылған тұтынушылық кредит әзірледі! 2018 ж. 9 қарашадан бастап банк арнайы науқан аясында жауапты кредит алушыларға сыйақының 9 пайызын қайтарып береді!

Банк ВТБ (Қазақстан)-да 200 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін сомаға төрт жылдан кем емес мерзімге кепілсіз кредит рәсімдеген банк тұтынушылары науқанға қатыса алады. Сыйақының 9% қайта алу үшін кредит алушы шарттың талаптарын тиянақты орындап, кредитті кешігіп немесе мерзімінен бұрын төлеуге жол бермеуі тиіс.

- ВТБ Банк (Қазақстан) ел тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларды жиі ұйымдастырады. Жаңа науқанымыздың мақсаты – қазақстандықтарға өз қаражатын тиімді жоспарлап, банкіміздің ең жауапты тұтынушыларын ынталандыру, - дейді ВТБ Банк (Қазақстан) бөлшек бизнес департаменті директорының орынбасары Әлия Берғарипова.

Ал сіздің өзге банктен алған кредитіңіз табыс әкеле ме? Әкелмесе, оны бізден қайта қаржыландырып, науқан қатысушысы атаныңыз. Қайта қаржыландыру тұтынушылық кредит алу процедурасы бойынша жүзеге асырылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) ақшалай кредиттері кез келген мақсатқа беріледі. Біздің кредиттеріміз Сізге көптен бері күткен затты сатып алуды, саяхатқа шығуды немесе жөндеу жасауды ертеңге қалдырмай қазіргі сәттен-ақ өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді. Ал жаңа науқан арқылы Банк ВТБ «минус» қалай «плюске» айналуы мүмкін екенін көрсеткісі келеді. Қаржыны дұрыс жоспарлау арқасында тұтынушыларымыз ақшалары пайда әкеле бастайтынын көре алады.

Науқан бойынша толығырақ ақпарат алу үшін Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелеріне немесе ұялы телефонмен 5050 нөміріне хабарласыңыз.