БҰҰДБ және Банк ВТБ (Қазақстан) ел экологиясын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландырады

09.10.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен (ары қарай – БҰҰДБ-ҒЭҚ) Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қазақстандағы төмен көміртек дамуына арналған тұрақты қалалар» жобасының қатысушысы атанды. Жоба қала инфрақұрылымының қуат тиімділігіне инвестициялардың өсуін ынталандыруға тартылған.

- Экологияны қорғау – бұл ғаламшардың өз балаларына бағытты және салауатты болашақ тілейтін әр азаматының парызы. ВТБ тобы өз қызметінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдары үшін жауапкершілік қабылдайды және қоғамның тұрақты дамуына ықпал етуге ұмтылады. Қазақстандағы еншілес банкі де маңызды әлеуметтік бастамаларды қолдайды, бұл жерде біз де шетте қалмадық, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. – Енді біздің қуатты үнемдеу және парниктік газдардың шығарылу саласында жобаларды жүзеге асыратын банк клиенттері қарыз жүктемесін азайта отырып, БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы аясында «Даму» қоры» АҚ-дан субсидияларды мақұлдаған жағдайда, біздің банкте кредит алуына болады.

БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы аясында субсидиялау және кепілдендіру түрінде қолдау арқылы қаржыландыру әдеттегі кредиттеуден қарағанда өте тиімді болмақ. БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы талаптары бойынша, қаражат алуға тапсырысты нысандардың иелері немесе оларды қала инфрақұрылымына қуат тиімділігінің дамуына салуды жоспарлаған сервистік-энергетикалық компаниялар бере алатыны сөзсіз. Әңгіме қалалық жылуды және сумен қамтамасыз етуді, қоғамдық ғимараттарды, қала тазарту жүйелері мен жарықтандыруды жақсарту туралы жүруде.

БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасы аясында субсидиялау мен қаржыландыруды, мысалы, көпқабатты үйлерде қазандық жабдықтарын және жылыту жүйесін жаңарту, немесе ішкі, сондай-ақ сыртқы жарықтандыруды ауыстыру және т.б. үшін пайдалануға болады. Жоба талаптары бойынша кредиттеудің максималды сомасы 130,8 млн. теңгеден артпауы, ал кредит бойынша сыйақы пайызы 19%-дан артық құрамауы тиіс, бұл ретте субсидиялау жылдық 10%-ды құрайды.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 38 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz