Құрметті кароточка ұстаушылар!

27.09.2018

Біз Банктің Visa/Mastercard карточкаларын жаңа ұстаушылардың Verified by Visa/Mastercard SecureCode қызметіне автоматты түрде қосылатынын және Verified by Visa/Mastercard SecureCode ұстайтын сайттарда тауарларды/қызметтерді төлеу үшін Интернетте қол жетімділік берілетінін қуана хабарлаймыз.

Verified by Visa/Mastercard SecureCode қызметі ақысыз негізде ұсынылады.

Verified by Visa/Mastercard SecureCode қызметіне қосылған Visa/Mastercard бұрынғы карточка ұстаушылардың барлығына да тауарларды/қызметтерді төлеу үшін Интернетте қол жетімділік берілетінін хабарлаймыз.

Verified by Visa/Masterсard SecureCode қызметі қауіпсіздік жүйесінің негізіне тек карточка ұстаушыға белгілі қосымша құпиясөз көмегімен Интернет-төлемдер жасағанда Visa/Masterсard карточкасының иесін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін 3-D Secure технологиясы алынғанын еске саламыз. 3-D Secure пайдаланушыны қосфакторлы аутентификациялау қолданылатын төлем карточкалары үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейі ретінде пайдаланылатын XML-хаттама болып табылады. Бұл технология Интернет желісінде төлем карточкалары бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлегенде жоғары қорғанысты қамтамасыз етеді.

Verified by Visa/Masterсard SecureCode қызметі туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша табуға болады:

Толық ақпаратты Банктің Авторландыру Орталығының телефонынан алуға болады: +7(727) 330 43 43