Банк ВТБ (Қазақстан) жаппай кәсіпкерліктің дамуын қолдайды

25.09.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) «Еңбек» нәтижелі жұмысбастылықты және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде «Даму» Қоры АҚ-мен кредиттік желінің ашылуы туралы келісім жасасты. Бұдан былай банктің алматылық бөлімі шағын бизнесті дамытуға жеңілдіктік микрокредиттерді бере алады.

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры – отандық экономиканың игілігі үшін көптеген жылдар бойы бірігіп жұмыс істеп келе жатырған біздің маңызды серіктесіміз. Қордың бағдарламалары – қазақстандық бизнестің дамуын ынталандыруға мүмкіндік беретін құралдар. Олар әлеуметтік жоғары маңыздылыққа ие, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және бәсекелестіктің деңгейін арттырады, - деп Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло атап өтті. – «Еңбек» бағдарламасы – еліміздегі жаппай кәсіпкерлік кластерінің құрылуына арналған жаңа мүмкіндік, оның көмегімен көптеген қазақстандықтар өздерін жұмыспен қамти алады және өз отандастарына жұмыс бере алатын болады. Біз бұл бастаманы қуана қолдадық!

Жылдық мөлшерлемесі 6% жеңілдіктік қарызды алу үшін қарыз алушы өзінің бизнес жобасын қорғауы қажет болады. Сондай-ақ, өтінішті рәсімдеу үшін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған курстардан өту туралы Даму Қорының және Атамекен ҰКП қолдауымен берілетін сертификаттарды ұсыну қажет. Кредиттеудің мақсаты: инвестициялау немесе айналым құралдарын толықтыру. Ескерту – кредит қарыз алушыға жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен беріледі. Қарыздың ең жоғарғы мөлшері Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін 8000 АЕК дейін құрауы мүмкін. Егер қарыз алушы бағдарламаның талаптарын бұзбаса, онда микрокредитті рәсімдеу кезінде одан банктік комиссиялар алынбайтын болады. Мемлекет Даму КДҚ АҚ кепілдемесін тарту мүмкіндігін қосымша ұсынады, бұл қарыз алушының жеткіліксіз қамтамасыз етілуі жағдайында қаржыландыру мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 38 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz