Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттері үшін Оңтүстік Кореяда тиімді емделу

24.08.2018

2018 жылдың тамызынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) «Transavia» компаниясымен бірлесіп әрбір клиентке Кореяның ең жақсы медициналық клиникаларында айрықша жағдайларда ем алудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. ҚР кез келген азаматы – Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ төлем карточкасының ұстаушысы Оңтүстік Кореяның Тегу* қаласына барған кезде 30% дейінгі мөлшердегі жеңілдіктермен әртүрлі сипаттағы клиникаларда медициналық қызметтерді ала алады, бұл кезде міндетті шарт қызметтерді Банк ВТБ (Қазақстан) карточкасымен төлеу болып табылады.

      Қызметтерді төлеуге арналған карталар дебеттік және кредиттік болуы мүмкін, сонымен қатар карточкалардың бүкіл әлемде кез келген сату нүктелерінде төлеу бойынша стандартты функционалға және ақша қаражаттарын қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігіне ие екендігін атап өткіміз келеді.

Осы бағдарламаға қатысу үшін келесілерді орындау қажет:

1.      Банктің жақын орналасқан бөлімшесіне барып Банк ВТБ (Қазақстан) клиенті болу және кез келген төлем карточкасын рәсімдеу керек;

2.      Төмендегі мәтінде көрсетілген клиникалардың тізімімен және сайттарымен танысу керек;

3.      Турды ұйымдастыру үшін «Transavia» компаниясына бару керек, оның қызметкерлері сапарды ұйымдастыруға көмектеседі;

4.      «Transavia» компаниясының қызметкеріне Сіз Банк ВТБ (Қазақстан) төлем карточкасының ұстаушысы екеніңізді ескерту маңызды.

      Тегу қаласында (Оңтүстік Корея) Сізді жағымды қоршаған орта мен халықаралық деңгейдегі кәсіпқойлардың кеңестері күтеді, сондай-ақ бірге еріп келген туыстарды клиникаларға жақын жерлерге орналастыру мүмкіндігі беріледі.

      Қажет болса Тегу қаласының өкілдері қаланың көрікті жерлерімен таныстыруды ұйымдастыра алады.

Банк ВТБ Қазақстанмен деніңіз сау болсын!

* Тэгу қаласы – Оңтүстік Кореядағы көлемі бойынша төртінші қала (Сеулден, Пусаннан және Инчхоннан кейін). Тэгу қаласында медициналық қызметтер жоғары деңгейде көрсетіледі, бұл кешенді диагностика бағдарламасы және кардиология, офтальмология, урология, гинекология, эндокринология, бедеулікті емдеу және т.б. секілді салалардағы қойылған диагноз бойынша мамандандырылған емдеу болып табылады. Оңтүстік Кореяда шаштарды ауыстырып орналастыру мен пластикалық хирургияның әлемдегі ең жақсы технологиясы. Сіз тексеруден бөлек қаланың ең жақсы көрікті жерлеріне бару мүмкіндігіне ие боласыз. Медициналық Тегу қаласы – Оңтүстік Кореяның мақтанышы.

 

Аурухананың атауы

Сайт

Жеңілдік пайызы

1

"Тэкёнг" радиологиялық клиникасы

http://www.ctmri.co.kr/eng/index.php

10%

2

"Кемёнг" университетінің жанындағы "Донгсан" медициналық орталығы

http://www.dsmc.or.kr/rus/

10%

3

Тэгу қаласының католиктік университетінің жанындағы аурухана (көп салалы)

http://www.dsmc.myleads.pro

15%

4

"Медипарк" әйелдер ауруханасы

http://www.md-park.co.kr/

20%

5

"BL" пластикалық хирургия және дерматология клиникасы

http://beautyleader.or.kr/?menu_gb=RU0

20%

6

"Фатима" ауруханасы Тэгу қ. (көп салалы)

http://fatima.or.kr/ru/index.asp

20%

7

"Нуне" офтальмологиялық ауруханасы

http://m.noon.co.kr/

20%

8

"Докёнг" стоматологиялық клиникасы

http://derongkouqiang.cn/english/

25%

9

"Олфоскин" дерматология клиникасы

http://allforskin.net/ru/dt_doctors/pok-kee-min/

30%

10

"Лидерс" пластикалық хирургия клиникасы

http://en.sleaders.co.kr/en/main/main.php

30%