Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымының қарапайым акцияларын орналастыру туралы хабарлама

09.08.2018 Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы (бұдан әрі – «Банк»), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, Тимирязев көшесі, 28 в үй, 2018 жылы «08» тамызда Банк Директорлар Кеңесінің Банктің қосымша жарияланған қарапайым акциялар орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды (ҰСН KZ1C57060010), аталған акцияларды шығару Қазақстан Республикасының уәкілетті органында 2018 жылы 16 шілдеде № А5706 жарияланған акциялар саны шегінде тіркелген.
Орналастырылған акциялардың түрі – қарапайым акциялар.
Орналастырылған акциялардың саны мен оларды төлеу тәртібі – 260 000 (екі жүз алпыс мың) қарапайым акция;
акцияларды төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшамен ғана Банктің келесі деректемелеріне ақша аудару жолымен жүзеге асырылады: ЖСК
KZ704322870398A00035, БСН 080940010300, БСК VTBAKZKZ, БЕК 14, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-дағы, ТМК 610.
Орналастырылған акциялардың бағасы - 10 000 (он мың) теңге бір қарапайым акция.
Акцияларды орналастыру тәсілі – Банктің жалғыз акционерінің акцияны артықшылықпен сатып алу немесе құнды қағаздардың ұйымдаспаған нарығына жазылу құқығын жүзеге асыру жолымен.

Орналастырылған акциялардың санының (Банк сатып алғандар шегерілген) орналастырылатын акциялар санына қатынасы 2 735 700:260 000 (10,52192307692308:1).

Орналастырылатын (өткізілетін) акциялар сатып алу шарттары – Банк акционерлері орналастырылатын акцияларды өздерінде бар акцияларға пропорционалды талаптармен орналастырылған бағамен Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген мерзімде және тәртіпте сатып ала алады.

Акционер артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) акциялар сатып алуға тапсырыс бере алатын мерзім осы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбе күнін құрайды.

Артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша сатылып алынған акцияларды төлеуді акционерлер сатып алуға тапсырыс берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Банктің орналастырылатын акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына ие акционерлер тізімі Банктің құнды қағаз ұстаушылары тізілімі жүйесінің деректері негізінде Банк Директорлар Кеңесі Банк акцияларын орналастыру туралы шешім қабылдаған күннің басында, яғни 2018 жылы «08» тамызда (00 сағат 00 минут) белгіленген.

Акциялар шығару және өзге ақпарат проспектісімен келесі мекенжайдан танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, Тимирязев көшесі, 28 в үй, Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы хабарласуға болатын тұлға: Банк бөлімшесі – Қазынашылық, тел +7 (727) 3304072.

Жазбаша түрде құрастырылған орналастырылатын акциялар сатып алуға тапсырыс тапсырысты хатпен оның тапсырылғаны туралы кері хабарламасымен немесе акционердің (инвестор) жеке өзі немесе оның уәкілетті өкілі келесі мекенжай бойынша жолданады: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, Тимирязев көшесі, 28 в үй, Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы, сұрақпен жүгінуге болатын хабарласу деректері: Банк бөлімшесі – Қазынашылық, тел +7 (727) 3304072.