Құрметті Visa карточкаларын ұстаушылар!

18.07.2018

Біз Сіздерге Visa International Халықаралық төлем жүйесі бастамалаған «Visa-мен саяхаттап, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыз» промо-кампаниясының іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Акцияға Visa ВТБ Банк (Қазақстан) карточкасын кез келген ұстаушы қатыса алады.

Қатысу үшін Сіздің 17.07.2018 - 31.08.2018 кезеңінде шетелде Visa карточкасымен тауарларды және қызметтерді төлеу қажет. Сапарыңыздағы ұмытылмас сәттердің фотосуреттін өзіңіздің #showyouradventure хештегімен ашылған Instagram профиліңізге жариялаңыз және бағалы сыйлықтар алу мүмкіндігіне қол жеткізіңіз.

Жарияланған фотосуретке қосымша ұтысқа жеткен жағдайда қатысушы акция жүрген уақытта POS терминал арқылы карточканың физикалық қатысуымен шетелде жасалған кем дегенде бір транзакцияны растауы тиіс.

Дәлел ретінде қатысушы POS-терминал чегін немесе ережеге сәйкес транзакция көрсетілген Банктің үзінді көшірмесін ұстануы тиіс.

Әділ қазылар бағалауының қорытындысы бойынша ең көп балл санын жинаған қатысушы жеңімпаз болады.

Сыйлықтар:

·         Электросамокат, Xiaomi MiJia Smart Electric Scooter - 3 (үш) дана;

·         Құлаққалқандар Beats Pro Over-Ear Headphones - 3 (үш) дана;

·         «Спортмастер» спорт тауарлар дүкенінде 100 000 (жүз мың) теңгеге сертификат - 8 (сегіз) дана.

http://www.visa.com.kz сайтында арнайы парақшада кампания басталғанша кампания мен Q&A секциясының ережелері жарияланатын болады.