Банк ВТБ (Қазақстан) таза табысы 9 есе артты

17.07.2018

Банк ВТБ (Қазақстан)-ның 2018 жылдың жартыжылдығындағы қаржылық нәтижесі.

2018 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан)-ның таза табысы 2,6 млрд теңге құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі банктің қаржылық нәтижесінен 9 есе асып түседі. Банк активтері 136,9 млрд теңге құрады, оның 59,5% немесе 81,5 млрд теңгесі – клиенттерге берілген қарыздар. Банк міндеттемесі 120,2 млрд теңге құрады, олардың 53,8% немесе 64,7 млрд теңгесі – банктік шоттар мен клиенттердің салымы. Банктің жарғылық капиталы өзгерген жоқ және 27,3 млрд теңгеге тең. Резерв қалыптастырғанға дейінгі екінші тоқсандағы таза табыс 2,4 млрд теңге.

- Бірінші жартыжылдықта Қазақстандағы ВТБ еншілес банкі 2017-2019 жылдарға есептелген үш жылдық даму стратегиясы бағытындағы сенімді ілгерілеуінің арқасында тамаша қызметтік нәтиже көрсетті. Біз кредиттік портфельді өсіруді және пайданы арттыруды жалғастырудамыз. Капиталдың қайтымдылық коэффициенті (ROE) бірінші жартыжылдықта 30,4% құрады, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло, - Екінші жартыжылдықта біз пайданы арттыруға және бизнестің тиімділігі бағытындағы түсімдік қозғалысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Даму стратегиясына сәйкес жуықтағы бір жарым жылда Банк ВТБ (Қазақстан) әмбебап банк ретіндегі үйлесімді дамуын жалғастыра отырып, ірі инвестициялық, орта және бөлшек бизнес арасындағы бизнес-желі теңгерімін сақтайды. Қазақстандағы ВТБ бизнесін белсенділендірудің негізгі бағыттарының бірі мемлекеттік ШОБ қолдау аспаптарын барынша пайдалана отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болады. Сонымен қатар, ірі инвестициялық бизнес пен бөлшек клиенттерге кредит беруіне басты назар аударылады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 39 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz web: www.vtb-bank.kz