KazakhExport және Банк ВТБ (Қазақстан) экспортшыларды қолдау үшін бірікті

13.06.2018

«KazakhExport» ЭСК» АҚ мен Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Шартты банк салымдарын орындаластыру жөніндегі келісімге қол қойды. Екі институттың ынтымақтастығы отандық экспортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. KazakhExport кейін Банк экспортшыларға жеңілдікке ие қарыз капиталын беру үшін ВТБ-ға шартты салымдар орналастыра алады.

Сөйтіп, экспорталды қаржыландыруы экспорттаушының шикізатты уақытында сатып алуына, айналым қаражатын толтыруына, кассалық айырмашылықты қысқартуына және нәтижесінде экспорт көлемін ұлғайтуына жол ашады.

«ВТБ-мен серіктестік шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру бойынша үлкен перспективаға ие. 2017 жылдың басынан бастап екінші деңгейлі банк арқылы компания 50-ден астам экспортшыларға, экспорттық келісімшарттарының жалпы сомасы шамада 200 млрд. теңгеден артық болатын қолдау көрсетті», - деп атап өтті «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқармасының Төрағасы Руслан Искаков.

ВТБ-да KazakhExport-пен келісімнің экспортқа бағдарланған Қазақстандық кәсіпорындарға ұсынылатын қаржы аспаптарының ауқымын кеңейтетуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

«Банкте отандық экспорттаушыларды қолдау мүмкіндігі пайда болды. Енді олар барынша пайдалы талаптармен айналым капиталын толықтыра алады және сонымен бірге оларға экспорттық мәмілелер жүргізу кезендегі қатерлерден сақтану мүмкіндігі беріледі» - деді Банка ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Экспорталды қаржыландыру – шикізатсыз экспортты қолдау бойынша «KazakhExport» негізгі аспаптарының бірі және ол айналым қаражатын толықтыру және экспорттық келісімшарт бойынша міндеттемені орындау мақсатында қазақстандық екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады. Оның механизмі туралы толығырақ: http://keg.kz/rubric/popolnim_vash_oborotniy_kapital/predeksportnoe_finansirovanie

Анықтама:
«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру комиссиясы» АҚ миссиясы экономиканың басым секторларында шикізатттық емес тауарлар, қызметтер, жұмыстар экспортының өсуін қолдау және Қазақстандық кәсіпорындардың қаржылық-сақтындыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру болып табылады.

Любовь Босхаева

«KazakhExport» ЭСК» АҚ

Тел.: +7 (7172) 95 56 56 (ішкі 134)

e-mail: l.boskhaeva@keg.kz

web: www.keg.kz

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 9 жылдан астам уақыт Қазақстанның қаржы нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 39 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі филиалдар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz web: www.vtb-bank.kz