Банк ВТБ (Қазақстан) 2017 жылғы аудиттелген қаржылық есептілікті жариялады

04.06.2018

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша банк активтері 153 млрд теңгені құраған. Банктің жарғылық капиталы өзгерген жоқ және 27,3 млрд теңгеге тең. Бір жылдағы банктің таза пайдасы 1,8 млрд теңгені құрады.

Есепті кезеңде банктің міндеттемелері 19%-ға қысқарды және 136 млрд теңгені құрады. Банктің кредиттік портфелі құнсыздануға резервті шегергенге дейін 81,6 млрд теңгені құрады және олардың 38% - коммерциялық кредит беру, 20% шағын бизнеске кредит беру, 36% - тұтынушылық кредит беру және 6% - ипотека.

 - Өткен жыл Қазақстандағы Банк ВТБ үшін дамудың үш жылдық стратегиясын жүзеге асырудың жаңа кезеңі болды. Банк ұжымы көзделген жоспарды іске асыру үшін бар күштерін салды, нәтижесінде лайықты пайда алуға қол жетті. Бір жыл ішінде біз бөлшек сату көлемін 2 есеге арттырдық. Тамаша өсу динамикасын банктің ірі-инвестициялық бизнесі көрсетті, NPL90+ көлемі 80%-ға азайды, сөйтіп таза пайыздық табыс бойынша жоспар 256% және кредиттік портфель бойынша жоспар 106% орындалды. Сондай-ақ, ШОБ-бағытын трансформациялау басталды, 2017 жылы шағын бизнестің «Орташа бизнес» бизнес-желісіне бірігуі іске асты және осы сектордың бизнес-процестерін оңтайландыру процестері іске қосылды, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Бүгіні таңда S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие.

Ұзақ мерзімді – ВВ+.

Болжау – Тұрақты.

Қысқа мерзімді – В.

Ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзхімді рейтинг– kzAА-.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 39 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz