Банк ВТБ (Қазақстан) Masterсard төлем карточкаларын шығару туралы хабарлады

28.05.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) Masterсard халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын шығаруды бастады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма мүшесі, Бөлшек бизнес департаментінің Директоры Артем Бадыков: «Банктің меншікті эмиссиясы біздің клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Masterсard – әлемдегі ең танымал төлем жүйелерінің бірі, оның карточкаларымен 210-нан асатын елдерде төлем жасауға болады. Біз жанасусыз төлеу технологиясы бар Mastercard карталарын шығарамыз, сол себептен сатып алуларды бұрынғыдан да жылдам және қолайлы төлеуге болады. Одан басқа Интернетте тауарлар мен қызметтерді төлеуді жүргізу кезінде карталарды ұстаушылар төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Masterсard SecureCode технологиясымен қорғалған» - деп атап өтті.

Енді Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне Mastercard дебеттік және кредит карталары қолжетімді. Картаға тапсырыс беру үшін клиент жеке басын куәландыратын құжатты ұсынумен Банк ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесіне жүгіне алады. Сонымен қатар банктің кез келген клиенті, немесе ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер тиімді шарттарда еңбекақыны аудару үшін Банк ВТБ (Қазақстан) карталарын аша және еңбекақы жобаларын жүргізе алады.

Қазақстан, Армения және Беларусь бойынша Mastercard Басқарушы директоры Нина Виллемс: «Mastercard – бұл жаһандық төлем жүйесі және технологиялық компания, біздің өнімдер ең әртүрлі тапсырмаларды одан да жеңіл және қолайлы шешуге көмектеседі, біз Mastercard карталарын енді Банк ВТБ (Қазақстан)-да ашуға болатындығына өте қуаныштымыз. Біздің команда инновациялар Қазақстанда да қолжетімді болуы үшін үнемі жұмыс істейді, және біз Mastercard карталарын ұстаушылар басқа елде саяхаттап жүрсе де немесе картаны үйде пайдаланса да олардың артықшылықтарын жоғары бағалайды деп үміттенеміз» - деді.

Клиент кез келген төлем жүйесінің картасын шығару үшін Банк ВТБ (Қазақстан)-ға жүгінген клиент тұрақты SMS-хабарландыру және интернет-банкингке қосу; ВТБ (Қазақстан) және Халық Банктің банкоматтарынан, сонымен қатар ТМД елдерінде ВТБ тобының банкоматтарынан комиссиясыз қолма-қол ақшаны шешу. Сыйлықақылы карточкаларды ұстаушыларға саяхаттау кезінде сақтандыру берілуі мүмкін. Карталарды ұстаушылар сонымен қатар Masterсard ұсынатын қосымша қызметтердің толық тізімін пайдалана алады: Masterсard 24/7 шұғыл қолдау қызметі, арнайы ұсыныстар мен акциялар, олармен компанияның сайтынан танысуға болады.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 39 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Mastercard туралы

Mastercard (NYSE: MA) https://www.mastercard.ru/ru-ru.html – жаһандық төлем индустриясында жұмыс істейтін технологиялық компания. Біз әлемдегі ең жылдам төлемдерді өңдеу желісін басқарамасыз, ол 210-нан асатын елдер мен аумақтардағы тұтынушыларды, қаржылық институттарды, сауда ұйымдарын, үкіметтік және іскерлік құрылымдарды біріктіреді. Mastercard өнімдері мен шешімдері күнделікті тапсырмаларды, мысалы, сатып алуларды, саяхаттауды, бизнесті жүргізуді және қаржыларды басқаруды оңай, қауіпсіз және тиімді шешуге мүмкіндік береді. Бізді Twitter-ден @Mastercard_RU және Mastercard Facebook бақылаңыз, Beyond the Transaction блогында талқылауларға қатысыңыз және біздің жаңалықтарға Engagement Bureau жазылыңыз.

Mastercard жанасусыз төлеу технологиясы туралы

Mastercard жанасусыз төлеу технологиясы – бұл бір басумен жүргізілетін төлемдердің инновациялық технологиясы, ол күнделікті сатып алулар мен қызметтерді төлеудің жылдам, қауіпсіз және қолайлы әдісін ұсынады. Осы технология бар картаны немесе басқа құрылғыны (ұялы телефон, стикер, қол сағаты және т.с.с.) кассирге берудің қажеті жоқ – кассадағы жанасусыз терминалды бір рет басса жеткілікті. 5000 теңгеге дейін сатып алу кезінде ПИН-кодты енгізу немесе чекке қол қою керек емес.

Осы технология бойынша төлеу Mastercard басқа өнімдері секілді сенімді қорғалған. Карта терминалға жақындатылған кезде әрбір транзакция үшін бірегей болып табылатын шифрленген динамикалық қауіпсіздік кодтары әрекет ете бастайды. Одан басқа, Mastercard эмитенттерге картаны ұстаушының аты-жөнін чипке жазуға мүмкіндік бермейді. Картаның артқы бетіне жазылған үш саннан тұратын код терминалмен мәліметтер алмасу кезінде берілмейді. Қорғаныстың қосымша деңгейлері төлем жүйесінің қауіпсіздік талаптарын сақтайтын эмитент-банктер және эквайер-банктер тарапынан да қамтамасыз етіледі.

Mastercard жанасусыз технологиясы бойынша төлемді 50 еуропалық мемлекетті қоса, әлемнің 107 еліндегі 7 миллионнан асатын сауда нүктелерінде қабылдайды.

Mastercard жанасусыз төлемді қабылдау желісі Қазақстанда да ұдайы кеңеюде. Әртүрлі көптеген сауда және сервистік кәсіпорындар осы технологияны қабылдауда. Мысалы, 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Mastercard жанасусыз төлем технологиясының көмегімен алматы метрополитеніндегі сапарды төлеуге болады.

Mastercard инновациялық жанасусыз технологиясы туралы толығырақ ақпаратты http://www.mastercard.com/kz/ru/consumer/paypass.html сайтынан білуге болады.