«Щедрый дастархан (Берекелі дастарқан)» акциясының қорытындылары

12.04.2018

3 сәуірде кездейсоқ сандар генераторы Банк ВТБ (Қазақстан)-ның «Щедрый дастархан (Берекелі дастарқан)» акциясының үш жеңімпазын анықтады! Бас жүлде Өскемен қаласына, екеуі Астана және Алматы қаласына жіберілді.

Банктің кредит карталарын ұстаушыларға арналған акция 2018 жылғы 16 наурыздан 1 сәуірге дейін өтті. Акцияда көрсетілген кезеңде ВТБ кредит карталарынан 5000 теңгеден астам сомаға жасалған барлық төлем операциялары қатысты. Жеңімпаздар 50 000, 30 000 және 20 000 теңгелік ақшалай жүлделер алды! Бас жүлдеге Жанара Акбердинова ие болды, екінші орын - Мирас Кафизовқа (Астана) және үшінші – Игорь Яковлевке берілді.

- Мен Банк ВТБ (Қазақстан)-нан бірнеше рет кредит алғанмын, маған кредиттеу талаптары, сонымен қатар қызмет көрсетуі ұнайды, банктегі қызметкерлер өте сыпайы, жайдары және де әрқашан көмектесуге дайын, - дейді Мирас Кафизов. – Банктің кредит картасын пайдалану да өте тиімді. Оның арқасында мен өз қаржылық мәселелерімді шұғыл түрде шеше аламын. Банкке армандарға қол жеткізуге беретін мүмкіндіктері үшін алғысым шексіз!

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!