Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамындағы өзгерістер

19.03.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 наурыздағы шешімімен бөлшек бизнес департаменті директоры лауазымына - Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасы мүшелігіне Бадыков Артем Салаватович тағайындалды. Ол келісімшартының аяқталуына және басқа жобаларға ауысуына байланысты өз лауазымынан кеткен Банк Басқармасы құрамындағы Суганяка Николай Васильевичті алмастырды.  

Артем Салаватович 12 жылдан артық уақыт банк саласында жұмыс істеп келеді, оның сатудың, өткізудің және даму стратегиясын әзірлеудің жаңа модельдерін енгізу саласында, сонымен қатар банк өнімдерін нарыққа шығаруда қомақты тәжірибесі бар. Екі жоғары білім алған, оның бірі экономикалық.

Кадрлық ауысулар туралы түсінік бере келіп, банк ВТБ (Қазақстан) басқармасы төрағасы Дмитрий Забелло атап өтті: «Біз Николай Васильевичке оның банкінің жаңару кезеңіндегі белсенді қызметі үшін алғыс айтамыз. Ол жұмыс істеген кезде біз нарыққа бірегей ұсыныстар шығардық және бөлшек өнімдер сатуды 3,5 есеге арттырдық. Бұл тамаша нәтиже және әрі қарай даму үшін тамаша база. Біздің командамыздың жаңа мүшесі банкіміздің бөлшек секторының бизнес-көрсеткіштерінің әрі қарай өсуі үшін бар күшін салады деп сенеміз».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz