S&P Банк ВТБ (Қазақстан)-ның кредиттік рейтингін "BB+" дейін көтерді

13.03.2018 2018 жылғы 6 наурызда S&P Global Ratings Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «ВВ»-ден "BB+" дейін көтерді және оның «В» деңгейіндегі қысқа мерзімді рейтингін растады. Рейтингті өзгерту болжамы – «тұрақты». Агенттік банктің рейтингін сонымен қатар ұлттық шкала бойынша «kzA»-дан «kzAA-» дейін көтерді.

S&P Global Ratings хабарламасында Қазақстандағы ВТБ Банкінің рейтингін көтеру ВТБ Банкінің (ЖАҚ) бас ұйымына қатысты ұқсас әрекетпен және Ресей Федерациясы егеменді үкіметінің кредиттік саясатының жақсаруымен түсіндіріледі.

- Рейтингті өзгертуге негіздемеде S&P агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан)-ның негізгі құрылымдар үшін «өте жоғары стратегиялық маңызға ие» екендігін атап көрсетті және біз біздің банк бір бөлігі болып табылатын ВТБ Тобының тарапынан мұндай қатынасты үнемі сезінеміз, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Біз халықаралық холдингтен тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар бізге қазақстандық нарыққа үздік банктік өнімдер мен қызметтер ұсынуға, сондай-ақ белсенді дамуға мүмкіндік беретін сындарлы бизнес-модель де аламыз. Соңғы жылдары, мысалы, дамудың жаңа стратегиясы қабылданғаннан кейін бізге бөлшек өнімдерді 3,5 есе сатуды ұлғайтудың сәті түсті.

Қазір Банк ВТБ (Қазақстан)-ға республика банктерінің арасында ең жоғары кредиттік рейтингтің бірі берілді.


Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz