Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар Кеңесінің уәкілеттілігі ұзартылды:

28.02.2018
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері – Банк ВТБ (жария акционерлік қоғам), Президент-Басқарма Төрағасы Костин Андрей Леонидович тұлғасында Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар Кеңесінің әрекеттегі құрамының уәкілеттілігін 2019 жылғы 26 ақпанмен қоса мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдады.

Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді:

- Бортников Денис Александрович (жалғыз акционердің өкілі, Кеңес Төрағасы);
- Досмукаметов Канат Мухаметкаримович (тәуелсіз директор);
- Калиев Айдар Муратович (жалғыз акционердің өкілі);
- Кадырбаев Досым Хамитович (тәуелсіз директор);
- Степанов Сергей Владимирович (жалғыз акционердің өкілі);
- Шаймарданов Ильнар Ильшатович (жалғыз акционердің өкілі).

Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Банк Жарғысы акционердің ерекше құзіретіне жатқызған мәселелерден өзге барлық сұрақтар бойынша Банк қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.



Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.



Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz