Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй объектілерін салушыларды қаржыландыруға кірісті.

22.01.2018

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бұл бағыты «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің» және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.

- «Нұрлы жер» бағдарламасы бағыттарының бірі жеке құрылыс салушылар үшін банкілік кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені мемлекеттің субсидиялауын қарастырады, бұл қарыз бойынша төлемді елеулі шамада қысқартуға және баспана объектісінің құрылысын арзандатуға жол ашады. Енді біздің клиенттерімізге – заңды тұлғаларға бұл қызмет түрі қол жетімді болады, – деді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло. – Біздің банк жарты жылдан астам уақыт «Нұрлы жер» бағдарламасының тағы бір бағыты – жеке тұлғалар үшін жаңа пәтерлер сатып алуға кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағытында да жұмыс істеп келеді. Біз әлеуметтік маңызға ие мемлекеттік бағдарламаларға қуана қатысамыз.

Бағдарламаға тұрғын үй құрылысы объектілеріне кредит қажетті жеке құрылыс салушылар қатыса алады. Қарыз сомасы шектеусіз, қаражатты пайдалану мерзімі 3 жылдан артық емес, бұл ретте Бәйтерек холдингі бүкіл қаржыландыру кезеңіне кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7 %-дан бастап субсиядиялайды. Жеке құрылыс салушы салынған баспананың 50 %-нан кем емес бөлігін таза әрленген 1 шаршы метрдің тыянақталған бағасы бойынша «Қазақстан Тұрғынүйжинақтау банкі» АҚ (ҚТҮЖБ) салымшыларына өткізуі тиіс: Алматы және Астана қалалары және олардың қала маңындағы іргелес аймақтары үшін – 260 мың теңгеден артық емес, ал Қазақстанның қалған аймақтары үшін – 220 мыңнан артық емес бағаға.

Банк ВТБ (Қазақстан) таңдай отырып, құрылыс салушы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында клиенттің бизнесіне бейімделген қаржыландырудың икемді шарттарына және тапсырысты жедел қарауға қол жеткізеді.

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.