Банктік салымдарға қатысты Салық кодексіндегі өзгертулер

11.01.2018

Құрметті клиенттер,

 

Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы № 120 – VI жаңа Салық Кодексі мен Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты,

2018 жылғы 01 қаңтардан бастап банкілердегі салымдары бойынша жеке тұлғаларға төленетін сыйақы түріндегі табысқа салық салу тәртібі өзгерді:

·   Банкілердегі салымдары (депозиттері) бойынша жеке тұлғаларға – резиденттерге төленетін сыйақы жеке тұлғалардың жеке табыс салығы салынатын табысынан шығарылады (СК 317 б. 1 т., 353 б. 5 тт.);

·   Жеке тұлғаларға – бейрезиденттерге Қазақстан Республикасындағы көздерден төленетін сыйақы төлем көзінен 15% мөлшерлемемен салық салуға жатады (СК 646 б. 1 т.). Қазақстан Республикасында жеңілдікпен салық төлеуші ретінде уәкілетті орган* бекіткен салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттер тізбесіне енгізілген жеке тұлғаларға – бейрезиденттерге сыйақы төлем көзінен 20% мөлшерлемемен салық салуға жатады (СК 646 б. 2 т.).

Осы мазмұндалғандардың негізінде 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жеке тұлғалардың – бейрезиденттердің салымдары бойынша сыйақы түріндегі табысты төлегенде ҚР қолданыстағы салық заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде бейрезиденттердің табысынан жеке табыс салығын ұстап қалуды жүзеге асырады.

 

Ескертпе:

* Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №595 бұйрығымен бекітілген салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттер тізбесі