Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасы құрамының өзгеруі

04.01.2018

Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасы төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі лауазымына Миронов Юрий Владимирович тағайындалды, ол жұмысқа 2018 жылғы 3 қаңтардан бастап кірісті. Бұрын бұл лауазымда Туралиева Ирина Игоревна қызмет еткен, ол келісімшарттың аяқталуына және өз жобаларын бастауына байланысты өз лауазымынан кетті.

Юрий Владимирович банк саласында 15 жылдан астам еңбек етті, оның 11 жылы ВТБ тобында жұмыс істеді. Ол қазынашылықты басқару және қор нарығындағы операциялар саласында елеулі тәжірибеге ие. Жоғары экономикалық білімі мен МВА дәрежесі бар, экономикалық ғылымдар кандидаты болып табылады.

Банк қазынашылығының басшысы ретінде Юрий Миронов 2008/2009 жылдардағы дағдарыстан өтті. ВТБ Тобының Орталық Қазынашылығының мүшесі болды.

Юрий Мироновтың тағайындалуы туралы мәлімдей келе Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло атап өтті: «Біз өз командамыздың осындай жоғары деңгейдегі маманмен толыққанына қуаныштымыз. Юрий Владимирович банкінің қаржы блогын басқарады және мен оның тәжірибесінің бұл сектордың жұмысын жаңа деңгейге көтеруге және акционерлер қойған барлық міндеттерді орындауға көмектесетініне сенемін».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz