ВТБ Тобы картадан картаға халықаралық аудару сервисін іске қосты

25.12.2017

ВТБ Тобы Банк ВТБ (Қазақстан) карталарының иеленушілеріне, шеңберінде кез келген Ресей банкінен шұғыл ақшалай аударымдарды алуы қолжетімді болатын жобаны іске асырды. Жоба «МультиКарта» процессингтік компаниясының қолдауымен іске асырылды.

Жаңа сервис шеңберінде ВТБ-ның Қазақстандағы еншілес банкі клиенттерінің картасына Ресейде шығарылған кез келген картаның иелері ақшалай аударым жасай алады. Сонымен бірге жөнелтушінің және алушының карталары Visa немесе MasterCard төлем жүйелерінің базасында шығарылуы тиіс. Жаңа қызмет келесі сілтеме бойынша қолжетімді: VTB Stream.

Аударымның минималды сомасы тәулігіне 100 рубль, максималды – 100 мың рубль. Аударым жасау кезінде ВТБ Тобының тарифтеріне сәйкес комиссия өндіріледі, олар бүгінгі күні Ресей нарығындағы ең тиімділердің бірі болып табылады.

Операцияны жасау үшін, Ресейде шығарылған карта иегерлеріне банктің сайтындағы арнайы орында аударым сомасын көрсетіп және жөнелтуші мен алушының карталарының деректемелерін енгізу жеткілікті. Аударымдар Ресей рублінде жүзеге асырылады, ВТБ (Қазақстан) карталарына қаражаттар аудару шотты жүргізу валютасында жүзеге асырылады. Осылайша, аударымды алушыға айырбастау жасаудың қажеті жоқ.   

«Іске асырылған сервис клиенттерге қаржылық операциялар жүргізуді жеңілдетеді.

Біріншіден, VTB Stream аударымы банкаралық аударымнан жылдамдығымен ерекшеленеді: ақша бірнеше минуттың ішінде шотқа түседі. Екіншіден, клиентке аударым алушы туралы ақпараттың ең аз мөлшерін білу жеткілікті - тек картаның нөмірі және алушының аты», - деп, Басқарма Төрағасының Орынбасары – Басқарма Мүшесі Николай Суганяка өз пікірін білдірді.

РФ-нан аударым алу үшін клиенттер Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелерінен картаны рәсімдеуіне болатындығын айта кеткен жөн.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 41 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan