Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

20.09.2017

Қаржы ұйымдарының, банктік, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ басқарушы жұмыскерлерінің лауазымдарына үміткерлердің сәйкестігін анықтау бойынша ҚР Ұлттық Банкі тұсындағы комиссия Бортников Денис Александровичті Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымына келісімін берді.  

Денис Бортников банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы болып 2017 жылғы 30 маусымда тағайындалды. Сонымен қатар ол банктің бас ұйымы – Банк ВТБ (ЖАҚ) басқармасы президент-төрағасының орынбасары позициясын алып отыр.  

Денис Александрович банк саласында 20 жылдан астам, оның 11 жылын ВТБ Тобында жұмыс істейді. Жоғары білімді Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінде алды, оны 1996 жылы «ұлттық экономика» мамандығы бойынша бітірді. Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің қамқоршылық кеңесіне және «Ленинград облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы» қауымдастығының кеңесіне кіреді.  

Банктің директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны өзгерген жоқ және 6 адамды құрайды.  

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ 40 құрылымдық бөлімшеден тұратын, олардың арасынан 17 – филиал болып табылатын, филиалдар желісіне ие. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкі 2014 жылғы 23 желтоқсанда берген лицензиясы №1.2.14/39