Директорлар кеңесінің шешімі

16.08.2017

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілетін ақпараттар, мәселелер тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат.

1) Акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері - Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік қоғамы Еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй.

2) директорлар кеңесінің жалпы жиналысы өтетін күн, уақыт және орны – 14.08.2017ж., Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 28 «в» үй;

3) директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізілген сұрақтар:

1.            Банк Басқармасының 2017 жылғы 1-тоқсандағы Банк қызметінің нәтижелері туралы Есебін қарау туралы.       

2.            2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша басқару есептілігін қарау туралы.      

3.            Банк пен оның қызметкерлерінің саясаттар мен Банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтауы туралы есептерді қарау туралы.     

4.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік Қоғамы Еншілес Ұйымының Елдің және сала тәуекелдерін басқару саясатын жою туралы.     

5.            Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік Қоғамы Еншілес ұйымының Бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін бағалау әдістемесіне № 3 өзгерістерді қарау туралы.       

6.            Банк міндеттемелерін оның меншікті капиталының он және одан артық пайызын құрайтын мөлшеріне ұлғайту туралы.     

7.            Банктің ұйымдық құрылымын өзгерту туралы.      

8.            Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғамен жасалуында мүдделілігі бар мәмілелерді қарау туралы.      

9.            Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғамен жасалуында мүдделілігі бар мәмілені қарау туралы.     

10.       Банктің Директорлар Кеңесі тұсындағы Кредиттік комитеттің дербес құрамын өзгерту туралы.          

11.       Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғамен жасалуында Банктің мүдделілігі бар мәмілелердің үлгілік талаптарын бекіту туралы.          

12.       Банктің Директорлар Кеңесі тұсындағы Кредиттік комитеттің шешімін бекіту туралы.         

4) қабылданған шешімдер:

1. Банк Басқармасының 2017 жылғы 1-тоқсандағы Банк қызметінің нәтижелері туралы Есебі назарға алынсын.                 

2. Банктің 2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша құрамына төмендегілер кіретін басқару есептілігі назарға алынсын:   

·           2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша негізгі қаржы көрсеткіштері бойынша басқару есептілігі.      

·           2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша кредиттік тәуекелдер бойынша басқару есептілігі.         

·           2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша стресс – тестілеу нәтижелері мен сала тәуекелдері туралы есеп.       

·           2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша нарықтық тәуекелдер бойынша басқару есептілігі.        

·           2017 жылғы 01 маусымдағы жай-күйі бойынша өтімділік тәуекелі бойынша басқару есептілігі.        

3. Банк пен оның қызметкерлерінің саясаттар мен Банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын сақтауы туралы есептер назарға алынсын, оның ішінде:                    

·           2017 жылғы 2-тоқсанда Банк пен оның қызметкерлерінің Есеп саясатын сақтаудың мониторингі туралы есеп.           

·           2017 жылғы 2-тоқсанда Ұлттық Банкі Басқармасының «Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 221 қаулысының талаптарын сақтау мониторингісінің есебі.         

4. Банктің Директорлар Кеңесімен мақұлданған (2009 жылғы 14 шілдедегі №10 хаттама) Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік Қоғамы Еншілес Ұйымының Елдің және сала тәуекелдерін басқару саясаты күшін жоғалтты деп танылсын.                             

5. Банк ВТБ (Қазақстан) Акционерлік Қоғамы Еншілес ұйымының Бөлшек кредиттеу өнімдері бойынша жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін бағалау әдістемесіне № 3 өзгерістер бекітілсін.          

6. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында «Даму өңірлері ІІІ» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірлік басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы Келісім жасаумен байланысты хаттаманың Қосымшасына сәйкес талаптарда Банк міндеттемелерін оның меншікті капиталының он және одан артық пайызын құрайтын мөлшеріне ұлғайту мақұлдансын.                      

7. Банктің ұйымдық құрылымына Қызметкерлермен жұмыс істеу басқармасы бөлігінде өзгерістер бекітілсін.          

8.   Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлға – Қызылорда қ. филиалының директорымен, ұсынылған талаптарда жасалуында мүдделілігі бар мәміле, - «Білім беру» банктік салым шартының жасалуы мақұлдансын.            

9.   Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлға – Қызылорда қ. филиалының директорымен, ұсынылған талаптарда жасалуында мүдделілігі бар мәміле, - ағымдағы шотты ашу туралы (жеке тұлғалар үшін) қосылу шартының жасалуы мақұлдансын.           

10. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғамен, ұсынылған талаптарда жасалуында мүдделілігі бар мәміле, - эквайринг бағыты бойынша төлем карталары бойынша алаяқтық белсенділікке қарсы іс-қимыл үдерістерін сүйемелдеуде өзара әрекеттесу тәртібі туралы келісімнің жасалуы мақұлдансын.          

11. Банктің Директорлар Кеңесі тұсындағы Кредиттік комитеттің сандық және дербес құрамы хаттаманың қосымшасына сәйкес бекітілсін.                                               

12. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалармен жасалатын, (1) Қаржы нарықтарында мерзімді мәмілелер туралы Бас келісім, (2) 2011 жылғы қаржы нарықтарында мерзімді мәмілелер туралы шарттың үлгі талаптары, (3) 2011 жылғы Конверсиялық мәмілелердің, валюталық форвард, валюталық опцион және валюталық своп мәмілелерінің стандартты талаптары, 2016 жылғы 5 шілдедегі өзгерістермен, (4) Пайыздық мөлшерлемелерге мерзімді мәмілелердің, валюталық пайыздық своп мәмілелері мен свопцион мәмілелерінің стандарттық талаптары шеңберінде Банктің жасалуында мүдделілігі бар мәмілелердің үлгі талаптары бекітілсін.                     

13. Банктің Директорлар Кеңесі тұсындағы Кредиттік Комитеттің 2017 жылға бөлшек бизнес бойынша өнімдердің топтары бөліндісінде лимиттер белгілеу туралы 2017 жылғы 02 наурыздағы № 04 шешімі бекітілсін.