Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

27.07.2017 Банк ВТБ (ЖАҚ), Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері бола отырып Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің сандық құрамын алты адам санында белгілеуге және директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Сизова Слава Ивановнаның өкілеттігін оның бастамасы бойынша тоқтатуға шешім қабылдады.

Слава Ивановнаның еңбек өтілі 45 жылдан асады, оның 30-дан астам жылында ол заңдық-құқықтық салада жұмыс істеді. Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің мүшелігіне Слава Сизова 2012 жылы тағайындалды.

ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло Сизова Славаның Банк ВТБ (Қазақстан) дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады және оның тәжірибесі мен кәсібилігінің банктің Қазақстан аумағында қалыптасуында зор рөл атқарғандығын атап өтті.


Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz
Facebook: BankVtbKazakhstan