2017 жылдың II тоқсанындағы Банк ВТБ (Қазақстан) қаржы нәтижелері

19.07.2017 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) таза табысы 275 млн теңгені құрады. Банктің активтері 155,6 млрд теңгені құрады, олардың ішінде 41% немесе 64 млрд теңге клиенттерге ұсынылған қарыз болып табылады. Банктің міндеттемелері 140,9 млрд теңгені құрады, олардың ішінде 61% немесе 86,3 млрд теңге - банк шоттары мен клиенттердің салымдары. Банктің жарғылық капиталы өзгерген жоқ және 27,3 млрд теңгеге тең болып табылады. Есепті кезеңге қорды құрғаннан кейін таза пайыздық табыс 2,1 млрд теңгені құрады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бұл 1,5 есе артық .

- Жылдың басынан Банк ВТБ (Қазақстан) табыстың өсуінің сенімді динамикасын көрсетуде. Бұл бизнесті жүргізу және оның тиімділігін жақсартуға жаңа тәсілдердің қолданылуын білдіретін банк дамуының жаңа үш жылдық стратегиясын іске асыру нәтижесі. Бүгінгі таңда S&P Global Ratings мәліметтері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында несие рейтингі ең жоғары көрсеткішті көрсетуде, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло, - Біз клиенттер үшін тартымды шарттармен нарыққа жаңартылған өнімдерді шығарамыз және серіктестер мен мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықтың шекарасын кеңейтеміз.

Жақын арадағы үш жылда ғы даму стратегиясына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) ірі инвестициялық бизнестің– 20%, орташа бизнестің– 40% және бөлшектелген бизнестің– 40% арасында бизнес желілерінің теңгерімін сақтай отырып, әмбебап банк ретінде үйлесімді дамуын жалғастырады. Қазақстандағы ВТБ бизнесінің жандануының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта кәсіпкерліктің қолдауы болып табылады. Сонымен қатар, ірі инвестициялық бизнеспен жұмыс жасауға екпін жасалған. Банк басқарушыларының жаңартылған тобы Банктің клиенттеріне арналған топтың үздік тәжірибелерін енгізуге қарай жұмыс істейді.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 40 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan