ВТБ Банк (Қазақстан) «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысушысы болды

13.07.2017 2017 жылғы 1 шілдеде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ мен Банк ВТБ (Қазақстан) халықты олардың ипотекалық қарыздарына субсидия беру жолымен қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды.
- Енді біздің банкіміздің клиенттері баспана сатып алуға қарызды өте пайдалы талаптармен ресімдей алады. Қарыз алушылар үшін ипотека бойынша ақырғы сыйақы мөлшерлемесі 10% болады, және клиенттер банк комиссиясынан толық босатылады. Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары үшін максималды қарыз сомасы – 20 млн. теңге, ал Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары үшін – 15 млн. теңге, мерзімі 15 жылға дейін, - деді Басқарма Төрағасының Орынбасары Басқарма Мүшесі Николай Суганяка.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарна
30% құрайды, бұл ретте кредит ұлттық валютамен беріледі және тек жаңа баспана алуға беріледі.

- Операторы ҚИК болып табылатын «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы – бұл Қазақстан азаматтары үшін, тиімді талаптармен жаңа баспана алудың мүмкіндігі, - деп атап өтті «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқармасның Төрағасы Әділ Мұхамеджанов. – Бағдарлама аясында қарыз алушы үшін ай сайынғы төлем нарықтағы ұсыныстарға қарағанда 30-40%-ға төмендейді, бұл ретте меншігінде бұрыннан бар баспаналарының саны ескерілмейді. Бағдарламаға қатысуға Қазақстанның кез келген азаматы тапсырыс бере алады, ол үшін тапсырыс берушінің басқа жеңілдікке ие ұсыныстардағыдай кезекке тұруы қажет емес.

Қарыз алғанда қарыз алушы төлем кестесін алады, онда банкіге төлейтін сыйақы субсидияланатын және субсиядияланбайтын бөліктерге бөлінеді. Субсидияланатын бөлік пен негізгі қарызды қарыз алушы өзі төлейді, ал субсиядияланытын бөлікті ҚИК банкке тікелей өтейді.




«ҚИК» ИҰ» АҚ Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған ипотекалық кредит беру механизмі арқылы «Стратегия 2050» және мемлеккеттік бағдарламалар қойған әлеуметтік-бағдарланған міндеттерді шешу мақсатында халықтың көпшілігіне жалдамалы баспана беру жолымен халықты баспанамен қамтамасыз етуді арттырудың қаржылық операторы.