Банк ВТБ (Қазақстан) клиенттеріне «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде қызмет көрсетіле алады

11.07.2017 2017 жылғы 26 маусымнан бастап банк клиенті-жеке тұлғалар пошта бөлімшелерінде өз шоттарын толықтыра алады және кредиттерін өтей алады. Бұл Банк ВТБ (Қазақстан) және «Қазпошта» АҚ арасындағы келісімге қол қою нәтижесінде мүмкін болып отыр.
- Біз әрқашан клиенттердің банкпен серіктесуін максималды түрде жайлы жасауға ұмтыламыз. Ұлттық пошта операторының қарауында Қазақстанның толықтай дерлік аумағын, әсіресе аудандық және ауылдық жерлер деңгейінде қамтитын еліміздегі ең ірі филиалдық желі бар, компания тіпті Қазақстанның ең шеткі елді мекендерінде жұмыс жасайды.
Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасының орынбасары-Басқарма мүшесі Н.В. Суганяка «Қазпошта» АҚ-мен серіктестік банк клиенттерінің несиелік берешекті өтеу, ағымдағы және жинақ шоттарын толықтыру секілді операцияларға қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.

Енді төлемді Қазпоштаның 3400 бөлімшелерінде жүзеге асыруға болады, ол үшін банктің клиентіне өзінің деректемелерін көрсете отырып арнайы бланкті толтыруы қажет болады .


Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.
«Казпошта» АҚ- ҚР-дағы пошта байланысының операторы, жалпымемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Компания пошталық, қаржылық, брокерлік, агенттік және электрондық қызметтердің кең жиынтығын ұсынады.