Банк ВТБ (Қазақстан) Директорлар Кеңесін Денис Бортников басқарады

04.07.2017 2017 жылғы 30 маусымнан бастап ВТБ Банк (Қазақстан) директорлар кеңесінің төрағалығына Бортников Денис Александрович сайланды.

Денис Бортников 20 жылдан астам уақыт банк саласында, оның 11 жылы ВТБ тобында жұмыс істеді, қазіргі уақытта Банк ВТБ президенті-басқарма төрағасының орынбасары позициясында.

Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло «Денис Александровичті Қазақстандағы еншілес банкінің Директорлар кеңесінің басшылығына тағайындау – өте сараланған және тактикалық тексеруден өткен шешім», - деп атап өтті. «Қазіргі уақытта Денис Александрович ВТБ Тобында «орта бизнеске» жетекшілік етеді, ол Банка ВТБ (Қазақстан) 2017 – 2019 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясына сәйкес жеке бизнес-желі ретінде бөлінген және басымды болып табылады. Денис Александровичтің тәжірибесі мен оның стратегиялық болжаулары біздің алдымызға қойған жоспарларымызды жүзеге асыруға көмектесетініне сенімдімін».

Банкінің директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны өзгерген жоқ және ол 7 адамнан тұрады.

Анықтама үшін:


Денис Бортников 1974 жылы 19 қарашада туды. Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін бітірді (мамандығы: ұлттық экономика). 1996-2004 жылдар кезеңінде «Өнеркәсіптік-қаржылық банкте» (2007 жылғы маусымда «Банк ВТБ Батыс-Солтүстік» ААҚ болып қайта аталды) жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап «КБ «ГУТА-БАНК» ЖАҚ «Солтүстік-Батыс» филиалының кеңесші-басқарушысы болды. 2005 жылдан бастап «Внешторгбанк Розничные услуги» (Бөлшек қызмет сыртқы сауда банкі) ААҚ-ның басқарушысының орынбасары болып істеді. 2006 жылдан бастап «Внешторгбанк Розничные услуги» ААҚ-ның Санкт-Петербургтегі филиалы (Банк ВТБ ААҚ) басқарушысының орынбасары. 2007 жылғы қарашадан бастап басқарма төрағасының орынбасары, 2010 жылғы тамыздан бастап басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап «Банк ВТБ «Солтүстік-Батыс» ААҚ басқарма төрағасы (қазіргі уақытта Банк ВТБ ААҚ-ның Солтүстік-Батыс аймақтық орталығы) лауазымында жұмыс істеді. «Банк ВТБ «Солтүстік-Батыс» ААҚ Банк ВТБ-ға біріктіру аяқталғаннан кейін Денис Бортников Банк ВТБ-ның Солтүстік-Батыс аймақтық орталығының басшысы және аға вице-президенті болды. 2017 жылғы сәуірден бастап Банк ВТБ президенті-басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz