Хабарлама: 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Банк шот-фактуралардың үзінді көшірмелерін электрондық нысанда жүргізеді.

01.07.2017 Құрметті клиенттер,

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ (ары қарай – Банк) Сізді 2017 жылғы 1 шілдеден бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) (өзгерістері мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексінің талаптарына және электронды түрде берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына сәйкес шот-фактуралардың үзінді көшірмелерін электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып беретіні туралы ақпараттандырады.

Салық кодексінің 263 бабы 2-2 тармағына сәйкес электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, Банк 2017 жылғы 1 шілдеден бастап шот-фактураларды қағаз тасымалдаушыға жазып бермейді.

Түсіністік танытатыңызға үміттенеміз және ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз.