Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер

23.06.2017 Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері - ВТБ (ЖАҚ) 2017 жылғы 20 маусымдағы шешімімен Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің мүшелері болып банкінің аналық ұйымының - Банк ВТБ президенті - басқарма төрағасының орынбасары позициясындағы Бортников Денис Александрович және Банк ВТБ дирекциясының холдингтік құрылымдармен жұмыс бойынша басшысы Калиев Айдар Муратович сайланды.

Денис Александрович 20 жылдан астам банк саласында, оның 11 жылы ВТБ Тобында жұмыс істейді. Банк филиалдарын басқару, өтімділікті басқару, брокерлік операциялар, эквайринг саласында орасан зор тәжірибеге ие. Жоғары білімді Санкт-Петербург экономика және қаржы унивеситетінде алды, оны 1996 жылы «ұлттық экономика» мамандығы бойынша бітірген. Денис Бортников Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық уинверситетінің қамқоршылар кеңесіне және «Ленинград облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы" Қауымдастығының кеңесіне кіреді.

Айдар Муратовичтің инвестициялық банкілік қызмет саласындағы басшылық жұмыстарда, оның ішінде ВТБ Капиталдың венчурлық бизнесінің жаһандық басшысы, сонымен қатар Ресей мен ТМД елдеріндегі ірі холдинг компаниялары дирекциясының басшысы ретіндегі 15 жылдан артық тәжірибесі бар. ВТБ Тобына дейін Айдар Калиев Сумма Капитал, Eventis Telecom компанияларында, «Электр станциялары» АҚ-да (Қырғыз Республикасы), «Кыргызгаз» АҚ-да жұмыс істеді.

- Жыл басында Банк ВТБ (Қазақстан) 2017-2019 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын жүзеге асыруға кірісті. Жаңа жол бизнес-процесстерге жаңа көзқарасты және ойға алғанды іске асырудың жаңа тәсілдемелерін талап етеді. Банк ішінде біз 80 %-ға басқарушы құрамды жаңарттық, директорлар Кеңесіндегі өзгерістер акционер қойған міндеттерді орындауға көмектеседі, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло.

Сонымен қатар Банк ВТБ (Қазақстан) жалғыз акционерінің 2017 жылғы 20 маусымдағы шешімімен өз бастамалары бойынша Директорлар Кеңесінің келесі мүшелері өз уәкілеттіліктерін тоқтатты: Осеевский Михаил Эдуардович және Валиев Байрам Юсупович. Банк директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны өзгерген жоқ және ол 7 адамнан тұрады.   

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 40 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz