Банк ВТБ (Қазақстан) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы болды

01.06.2017

Банк ВТБ (Қазақстан) және ҚР Білім және ғылыми министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, бұл келісім кез келген қазақстандықтың өз атына, немесе баласының атына жинақтау салымын ашу мүмкіндігін береді, салымды болашақта Қазақстанда немесе шетелде кәсіби-техникалық және жоғары білімді төлеу үшін пайдалануға болады.

- Заманауи әлемде білімнің маңызына дау келтіру мүмкін емес, білім біздің балаларымыздың болашағының кепілі. 2017 жылғы мамыр айында банк білімге ақша жинағысы және мемлекеттен қосымша сыйлық алғысы келетін клиенттерден салым қабылдауды бастады. «Білім беру» салымына Банк ВТБ (Қазақстан) банкінің өзінің сыйақысын және жыл сайынғы 7%-ға дейінгі Мемлекеттік сыйлық есептейді, - деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасы Төрағасының Орынбасары Николай Суганяка – «Білім беру» салымы – бұл мақсатты түрде қаражат жинаудың бірегей мүмкіндігі, салым ашудың минималды жарнасы 3 АЕК – 6807 теңге құрайды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар үшін, мүгедектер, сонымен қатар көп балалы отбасынан, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар үшін сыйақы 7% құрайды. Мемлекеттік сыйлық жыл сайын бүкіл сомаға банкінің сыйақысын ескере отырып есептеледі, бірақ жылына 100 ең аз есептік көрсеткіштен артық емес, 2017 жылы 1 АЕК – 2 269 теңге. «Білім беру» салымы клиенттің қалауы бойынша 3 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге ашылады, салым сомасын мерзімінен ерте алу қаражатты тек білім беру мекемесінің шотына тікелей аударған жағдайда ғана қарастырылған. Бірақ, бұл ретте депозит ұстаушы оны кез келген сәтте толықтыра алады.

- ҚР заңнамасындағы өзгерістердің арқасында білім беру жинақтау салымдары – бұл тыйым салудан және үшінші тараптардың өндіріп алуынан толығымен қорғалған жалғыз допозит, оның үстіне мемлекет сыйлығынан табыс ретінде салық алынбайды, - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ Президенті
Асқар Ибраимов. – Қазіргі сәтте МБЖЖ-де 11,5 млрд теңгеден астам сомаға білім беру депозиттерін ашқан 17 000 адам тіркелген. Төрт жыл ішінде төленген мемлекеттік сыйлық сомасы 897 миллион теңгені құрады.

Қосымша түсініктеме алу үшін Сіздің әрқашан келесі баспасөз-қызметіне хабарласуыңызға болады:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 вн. 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan