Банк ВТБ (Қазақстан) «ДАМУ-ОПТИМА» ішінара кепілдендіру бағдарламасының қатысушысы болды

25.05.2017

«Даму Оптима» ішінара кепілдік беру бағдарламасы «Бизнесің жол картасы – 2020» басым салаларға кірмейтін кәсіпорындарға кепіл жеткіліксіздігі мәселесін шешуге жол ашатын кредиттік кепілдік алу өтінішін беру мүмкіндігін ұсынады.  

- Енді бизнесін дамытуға кредит ресімдеу үшін кепілді қамтамасыз етуге қолында жеткілікті көлемі жоқ банк клиенттері «Даму» Қорының кепілдігімен қаржыландыруға қол жеткізе алады. Банк ВТБ (Қазақстан) және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры арысында 2017 жылғы мамыр айында тиісті келісімге қол қойылды. Біздің Қормен арадағы ынтымақтастығымыз біздің клиенттеріміз үшін де, сондай-ақ Банк пен Қор үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлесе күш жұмылдыра отырып, біз еліміздің шағын және орта бизнесін дамыту жолында ілгері жылжудамыз – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.  

«Даму Оптима» бағдарламасы сауда, қызмет, қоғамдық тамақтандыру және басқа салалардағы шағын және орта кәсіпорындарына арналған.  

- Кредит алған кезде кепіл мүліктің жеткіліксіздігі проблемасы барлық кәсіпкерлер үшін өзекті сұрақ. Егер бұрын басым салаларда жобаларын жүзеге асыратын бизнесмендер кепілдің құнын толтыру үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының кепілдіктерін пайдаланған болса, қалғандарына үшінші тұлғалардың кепілін ұсынуына тура келетін еді. «Даму Оптима» бағдарламасы осы олқылықты түзетуді көздейді. Енді кез келген бизнес саласының кәсіпкерлері «Даму» Қорының кепілдігін ала алады – дейді «Даму» Қорының Басқарма Төрағасы Абай Саркулов.  

«Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры кредит сомасынан 50% дейін кепілдіктер береді, инвестицияларға берілетін кредиттің максималды сомасы - 180 млн теңгеге дейін және айналым қаражатын толықтыруға - 60 млн теңгеге дейін ұсынады. Кепілдік 5 жылға дейін беріледі.  

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді, және Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтердің көлемі жағынан 20 орында тұр. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 38 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

«Даму» Қоры – 100 % акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдинг» АҚ-на тиесілі ұлттық даму институты. «Даму» Қорының миссиясы – ШОБ сапалы дамуына, сонымен қатар Қазақстанның шағын кредит ұйымдарының қаржылық, консалтингтік қызмет көрсету шоғырландырушысы және операторы ретіндегі рөлін арттыруға ықпал ету.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz

Facebook: BankVtbKazakhstan