Банк ВТБ (Қазақстан) Астана қаласындағы «Гемодиализ орталығын» қаржыландырды

18.05.2017

Жылдан жылға созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан қазақстандықтардың саны ұлғайып келеді. Бұндай сырқатқа душар болған жандар медициналық қызметтің түрі – гемодиализдің қолжетімді баға бойынша көрсетілуіне үнемі мұқтаж болып келеді. Мамандардың ақпараты бойынша қазіргі таңда тек елорданың өзінде «жасанды бүйрек» (гемодиализ) аппараты арқылы қанды бүйректен тыс тазартуға мұқтаж науқастардың саны 200 адамнан артылады. Бүгінде бұл емшараны Астанада тек қана 4 медициналық мекеме көрсетіп отыр. Олардың бірі - «Медицинская клиника «Центр гемодиализа» ЖШС 36,5 млн теңге сомаға несиелеу туралы Банк ВТБ (Қазақстан) банкімен келісімге қол қойды, бұл оқиға медициналық орталыққа гемодиализ сеанстарының санын айына 30% ұлғайтуға мүмкіндік береді.

- Әлеуметтік маңызы жоғары жобалар біздің банк үшін әрдайым алдыңғы қатарда тұрмақ, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. – Астаналық «Гемодиализ орталығы» медициналық қызметтер нарығында 5 жылдан артық жұмыс жасап келеді, осы кезеңде өзінің дамуға деген құлшынысын көрсетіп, істі жүргізуге қаржылық тұрғыдан сауатты келетін жауапты ұйым ретінде танытып үлгерді. Биылғы жылы біз арамыздағы серіктестіктің іргетасын қаладық, оның жұмысы жемісті болатынына мен сенімдімін.

Алған қаражатты «Медицинская клиника «Центр гемодиализа» ЖШС жаңа жабдықтар сатып алуға және қызметкерлердің штат құрамын ұлғайтуға бағыттады. Осыған дейін медициналық орталық 16 гемодиализ аппаратымен жабдықталған болатын, банктің қаржыландыруы арқасында әрқайсысы күніне 2 емделушіге қызмет көрсете алатын тағы 4 жаңа «Dialog+» аппаратын сатып алуға жағдай жасалды. Жаңа жабдық жұмыс істемейтін бүйрек қызметін атқаруды өзіне алады, сөйтіп созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққан науқастардың ғұмырын 15-25 жылға ұзартуға мүмкіндік береді. Гемодиализ аппараты қан құрамынан уытты заттарды, несепнәрді сүзгілейді, артық сұйықтықты кетіреді, электролиттік теңгерімді әрі артериялық қысымды қалыпты жағдайға келтіреді және қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіреді.

- Банк ВТБ (Қазақстан) несиелендіруін біз «Даму Аймақтар 3» кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасы аясында алдық, осының арқасында Даму КДҚ сыйақыны төлеу бойынша біздің міндеттеменің бір бөлігін өзіне алады. Таңдауымыздың Банк ВТБ (Қазақстан) банкіне түсуі тағдырдың жазғаны емес, біз жаңа жадбықтарды сатып алу мәселесін барынша қысқа мерзімде шешу керек деп түйіндедік, сәті болғандай, нақ осы банктің қызметкерлері неғұрлым жедел әрі кәсіби деңгейде қызмет көрсете білді, - деді «Медицинская клиника «Центр гемодиализа» ЖШС директоры Бамыш Муратбек.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 7 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның 37 құрылымдық бөлімшеден тұратын, оның ішіндегі 17-і филиал болып келетін филиалдық желісі бар. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz