Банк ВТБ (Қазақстан) цемент өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірін қаржыландырады

11.05.2017

Банк ВТБ (Қазақстан) және "Карцемент" АҚ 1 млрд теңге сомасына кредиттік желі орнату туралы келісімге қол қойды. Кәсіпорын алынған қаражатты өндіріс көлемін ұлғайту үшін пайдаланады. Мәміле отандық тауар өндірушілерді дамытуға дем беруге бағытталған Қазақстанның даму Банкі бағдарламасы аясында жасалынды.

"Қарағанды цемент зауыты өз жұмысын 1953 жылғы қыркүйектен бастады және осы уақытқа дейін Қазақстанның цемент өнеркәсібі саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.   Компанияның негізгі қызметі бұл өңдеу өнеркәсібі: цемент өндіру. Цемент шығару үшін шикізат (әктас, топырақ, шлак, ғаныш, темір кені) жақын маңда өндіріледі. Клинкер шығару үшін негізгі отын болып табылатын көмір, жақын жатқан Қарағанды және Екібастұз бассейндерінен жеткізіледі.

- "Карцемент" АҚ-ның қызметі - үлкен экономикалық және әлеуметтік маңызға ие. Негізгі құрылыс материалдарын өндіру бұл тек қана жаңа жұмыс орындары мен салық қана емес, бұл экономиканың басқа салаларының дамуы үшін, атап айтқанда елдің құрылыс саласына жасалған жағдай дейді,- Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. – Біз ең ірі отандық цемент саласындағы кәсіпорындардың бірімен ынтымақтастықты бастадық және осы серіктестіктік қатынастардың дамуы компания мен ел экономикасының алдындағы міндеттерді іске асыруға септігін тигізетіндігіне сенімдіміз.

«Карцемент» АҚ зауыты — еліміздегі цемент өндірудің «құрғақ» тәсілінің екі желісі, және цемент өндірудің «ылғалды» тәсілінің төрт желісі бар жалғыз зауыт, М450 және М500 маркалы жоғары сапалы өнім өндіріледі. Жобалық қуаты- жылына 3 млн тонна. Осы өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі Қарағанды облысының дамуы үшін үлкен мәнге ие, завод өңірдің жүйе құрайтын кәсіпорындарының сегіздігіне кіреді.

- Нақ осы өңірде цемент өндіру тек қана біздің жұмысшылар үшін ғана емес, кен игеру өнеркәсібінің жұмыскерлеріне жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, бұл өңірдің дамуы үшін өте маңызды. Қазіргі уақытта цемент зауыты 700-ден астам жұмыскерлерге жұмыс орнын ұсынып отыр дейді,- «Карцемент» АҚ-ның Бас директоры Ганн Чи Лионг. – Бізге Банк ВТБ-ның (Қазақстан) клиенттермен тең құқылы серіктес ретінде және өзара тиімді шарттарда қарым-қатынас орнатуға талпынуы ұнайды. Банкті таңдау барысында біз кредиттік рейтинг, сервис сапасы және мәміленің тиімді шарттары секілді көрсеткіштерді назарда ұстадық. Осы мәміленің арқасында біз нарықтағы отандық өнімнің үлесі мен өндіру көлемін ұлғайтамыз, бұл мемлекеттік импортты алмастыру бағдарламасының идеясына толықтай сәйкес келеді.  

Анықтама:
ВТБ БАНК АҚ ЕҚ (Қазақстан) – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк 7 жылдан астам Қазақстан қаржы нарығында табысты жұмыс атқарып келеді, Қазақстанның барлық ЕДБ арасында активтерінің көлемі жағынан 20-шы орынға ие. Қазіргі таңда ВТБ БАНК АҚ ЕҚ (Қазақстан) 35 құрылымдық бөлімшеден тұратын филал желісіне ие, оның ішінде 17-сі филиалдар болып табылады. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. ҚР Ұлттық Банкінің 2014 жылғы 23 желтоқсанда берген лицензиясы №1.2.14/39.

Қосымша түсініктемелер алу үшін Сіз әрқашан баспасөз қызметіне жүгіне аласыз:

Арина Пирогова

ВТБ БАНК АҚ ЕҚ (Қазақстан)

Тел: 8 (727) 330 59 20 вн. 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz